Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.
“Қазгидромет” орталығының мәліметтері бойынша, 27 мамырда Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр түрінде), кей жерлерінде қатты жауын жауады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін.
“Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерінде секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, кей жерлерде 3 градус аяз, күндіз 6-11, кей жерлерде 14 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. Астанада 27 мамырда таңертең және күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр түрінде) жауады. Кей уақытта найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метр болады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 6-8 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі”, – деп ескертті метеорологтар.