Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қапшағай қаласында зейнеткерді өз үйінде пышақтап өлтіріп кеткен

111

Аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен зейнеткердің жақын танысы, 61 жастағы азамат ұсталды.

Қайтыс болған әйел көптеген пышақ жарақатын алған. Жедел-іздестіру барысында зейнеткердің жақын танысы күдікті ретінде ұсталды.

«Кісі өлімімен аяқталған оқиға алкогольдік ішімдік ішу барысында жасалған. Күдікті ер азамат кінәсін мойындап, түсініктеме берді. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Сот-алды тергеу ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» фактісі бойынша жүріп жатыр. Оқиға орнынынан тәркіленген ас үй пышақтары тергеу материалына айғақ зат ретінде тіркелді», – деді Қапшағай қалалық полициясы басшысының бірінші орынбасары Азамат Тұрғынбаев.

Заңға сәйкес адам өлтірген күдіктіге сегіз жылдан он бес жылға дейін басбостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз