Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қаңтар трагедиясынан қандай басты сабақ алу керек – Қаражанов

Замир Каражанов

Қоғамда, әсіресе жастар арасында дүбәралану мен қылмысқа жақын болу деңгейі артып келеді, дейді саясаттанушы Замир Қаражанов. Тіпті қаңтар бүлігіне де, негізінен 20-30 жастағы жастар қатысты. Қылмыс саяси өмірге де араласа бастады – бұл мемлекет үшін үлкен қауіп.

Біздің порталға берген сұхбатында сарапшы қаңтардағы оқиғалар бойынша жасаған тағы бірнеше тұжырымдарымен бөлісті.

Көп уақыт та жоқ

– Қазір қаңтардағы оқиғалардың қандай басты қорытындылары мен алған сабақтарыымыз туралы айтуға болады? Дегенмен, зорлық-зомбылықтың жаңа толқынынан қалай аулақ болу керектігін түсіну маңызды.

– Бірнеше сабақ алдық, ол туралы кейінірек айтамын. Әзірге нәтиже

билік айтылған талаптарды ескергендіктен, қауіп сейілді

Мен газ бағасын, кейбір әлеуметтік мәселелерді және т.б. айтып отырмын. Екіншіден, президент Тоқаев елдегі саяси өзгерістер туралы жариялады, бұл да адамдарды біршама тыныштандырды. Яғни, әзірге халық пен басшылық арасында белгілі бір бәтуаға қол жеткізілді.

Жақын арада тағы да біреулер қайтадан наразылық білдіруге шыға қоюы , тіпті зорлық-зомбылыққа баруы екіталай

Бірақ аса көп уақытымыз жоқ. Елде, әсіресе өңірлерде, экономикалық және әлеуметтік салада әлі де көптеген қиындықтар бар. Біздің өңірлердің басым бөлігі дотациялық, олар республикалық бюджетке өте тәуелді, демек олар өз бетінше дами алмайды. Бұл ШОБ үлесі бойынша да байқалады, оның басым бөлігі Алматы мен Астанада шоғырланған.

Неліктен елдің батысында жиі митингілер мен наразылықтар орын алады? Себебі аймақ әртараптандырылмаған. Маңғыстау мен Атырауда бәрі мұнайға тәуелді. Бұл сала шынымен де үлкен табыс әкеледі, бірақ оған қатысы жоқ тұрғындар іс жүзінде есептен шығарылады. Жақсы жұмыс табу да оңай емес, өйткені барлық басқа салалар дамымаған. Яғни, Одақ ыдырағаннан бері 30 жыл өтті, ал аймақ экономикасы өзгерген жоқ — бұл үшін жауапкершілік жергілікті билікке жүктеледі.

– Қазірдің өзінде тек облыстарда ғана емес, орталықта да кадрлық ауыс-түйістер жүріп жатыр.

– Басшылықтың ауысуы еш нәтиже бермеуі мүмкін, бұл кезекті рет қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен бірдей болуы  мүмкін. Жаңа басшылықтан жаңа нақты шаралар талап етіледі. Мысалы, ШОБ қолдау бойынша. Бірақ бұл жерде дәл қай бизнесті қолдайтынын білу маңызды, өйткені көбінесе бұл тек сауда болып шығады, оның өзінде ішінара көлеңкелі сауда. Ал өндірістік секторлар мүлде қосылмайды. Біз көбінесе импорттық тауарларды сатамыз ғой.

2021 жылы теңгеге қатысты рубль бағамы өсе бастаған кезде, тіпті

Ұлттық банк ресми түрде мұны біздің тауар өндірмейтіндігімізбен, керісінше, негізінен Ресейден импорттайтындығымызбен түсіндірді

Яғни, бірдеңе істеу керек, әйтпесе тағы да жағымсыз сценарийлер жүзеге асырыла бастайды. Мысалы, эмиграция күшейеді немесе наразылықтар мен бұзақылықтар қайтадан басталады.

Бірақ экономикалық құрамдас бөліктен басқа, саяси жағын да есте ұстау керек.

Қоғамда тұрақтылықты сақтап қалуға қабілетті жаңа саяси модель құратын кез келді. Ол қуғын-сүргінге емес, тиісінше қоғамдағы қазіргі бар институттарға сүйенеді, бірақ олар әзірге жұмыс істемейді немесе аздаған нәтижемен ғана жұмыс істейді. Бұл саяси партиялар, кәсіподақтар, парламент және т.б.

— Бұл туралы баяғыда айтылған, бірақ қандай да бір түбегейлі өзгерістер байқалмайды.

–  Бізде халықтың мүдделерін Үкіметке жеткізу арналары жоқ екені белгілі болды. Партиялар жұмыс істемейді, БАҚ біржақты ғана жұмыс істейді, ҮЕҰ мемлекеттік тапсырыстармен жұмыс істейді, оның өзінде тиісті нәтижесіз — есеп беру және ақша алу үшін ғана орындайды. Міне, біз өмір сүрген потемкин ауылы осылай болған. Ақыр соңында ол құлап, бәрі оның артында не тұрғанын көрді. Бұған дейін әл-ауқаттың жақсы екені туралы баяндап, барлығы Президент пен Nur Otan-ды қолдайтынын айтқан. Елеулі зерттеулер жүргізілген жағдайда, деректер жасырылған. Бірақ бұл ұзаққа созылмады.

Қылмыстық элемент өсті

– Экономикалық және әлеуметтік кемшіліктер туралы жиі айтылады. Бірақ қоғам ішінде де қиындықтар жеткілікті емес пе?

– Ия, және олардың бірі толық көрініс берді —

қоғамда дүбәралық және тіпті бұзақылық өсуде,

әрі жастар арасында. Біз бүлікке негізінен 20-30 жастағы жастар қатысқанын көрдік. Бұл ретте Алматы қаласы либералды деп есептелетін, ал ол ең көп зардап шеккен қала болып шықты және жалғыз емес.

Елімізде жастар саясаты бойынша қанша бағдарлама қабылданды, қанша ақша жұмсалды? Ал осы бағдарламалардың нәтижесін біз қаңтар айында көрдік. Иә, білім алуды, мансап құруды және т.б. қалайтын жастар бар. Бірақ арақ ішіп, бұзақылыққа салынғысы келетіндер де жетерлік.

Түрлі экстремистер мен радикалдар пайда болды, оның ішінде исламдық сипатта, бірақ негізінен арандатушылар мен бүлікшілер — бұл ақша тапқысы келетін қылмыстық топтар.

Яғни, қылмыс өсуде. Олар саяси процестерге және жағдайды тұрақсыздандыруға қатыса бастады. Ал бұл ел қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Егер қазір бұл мәселе шешілмесе, ол ұлғая береді, содан кейін мүлде нашарлайды.

Бәрі бірдей назар аудармаған тағы бір мәселе.

Соңғы жылдары бізде ішкі көші-қон көлемі екі есеге жуық өсті

2019 жылы тек ресми мәліметтер бойынша, миллион адам ел ішінде қоныс аударған. Ал бізде көші-қон саясаты өте нашар жүргізілетіндіктен, басым бөлігі Алматы мен Нұр-Сұлтанда шоғырланған. Көбісі осы дүбәра топтан шыққандар.

Азаматтар өздігінен ұйымдастыруды үйренген бе?

— Тағы бір мәселе – бұл жағымды нәрсе. Халықтың өзін-өзі ұйымдастыруы қоғам ішіндегі сенімге байланысты. Бұл

туыстық қатынастары жоқ азаматтардың ортақ мақсаттар үшін мемлекеттің қатысуынсыз бір-бірімен бірігу қабілеті

Сондықтан бізде қоғамда осындай сенім пайда болды және дамып келеді. Бұрын қиын жағдайда тап болған жағдайда адамдар отандастарынан көмек сұрап жүгініп, көмек ала алатын болған. Бірақ қазір азаматтар өз бетінше және ортақ саяси мүдделер негізінде бірігуге қабілетті екендігі байқалады. Митингілер басында бейбіт түрде басталды, содан кейін қылмыстық элемент пайда болды, оған дейін адамдар сенімнің жоғары деңгейін көрсетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз