Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қандастарға Қазақстан азаматтығын алу жеңілдетілді

Егемендігімізді алғалы бері елімізге 284 отбасы, яғни 1 миллионнан астам қандасымыз көшіп келген. Бүгінгі күні Отанына ораламын деген азаматтың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының азаматы болу. Сондықтан, қолданыстағы заңнамаға азаматтықты алуға барынша жеңілдік қарастырылған.

Атап айтсақ, Қазақстанға оралған бауырларымыздың қоныстанған өңіріне қарамастан 5 күннің ішінде «оралман» мәртебесі беріледі. «Оралман» мәртебесi азаматтықты алғанға дейін Қазақстан Республикасы азаматтарымен барлық салада тең құқыққа ие болу үшін берiледi. Ал одан кейін тұрақты тұруға рұқсатты жеңілдетілген түрде 3 ай ішінде алуға болады. Және оны алу үшін басқа шетелдіктер сияқты төлем қабілеттiлiгiн растаудың қажеті жоқ.

Біздің елге кірген визаның түріне қарамастан оған тұрақты тұру рұқсаты беріледі. Осы рұқсатты алғаннан кейін жеңілдетілген түрде 3 айдың ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мүмкіндігі туындайды. Сол себепті келіп жатқан қандас бауырларымыздың құжаттары барлығы түгел болып, рәсімдер уақытында жасалса, оларға 6 айдың ішінде Қазақстан азаматтығын алуына болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз