Ақтөбеде «Туған жер» форумы аясында мерекелік шара өтіп, онда әлемге ерекше дауысымен танылған атақты әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетті.
Оны жерлестері үлкен қошаметпен қарсы алды.
Димаш Құдайберген «Туған жер» әнін аяқтап болғанда бүкіл стадион аяғынан тік тұрып, „Димаш, Димаш„ деп айғайлап, топтың зор дауысы айналаны жаңғыртты (видеоның 4.20 минутынан кейін көруге болады). Бұл жерлестерінің Димашты мақтан тұтатынын білдірген шынайы бір әсерлі ілтипаты болды.
Одан соң Димаш «Жұлдызым» әнін орындады.
«Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Қазақта алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді деген жақсы сөз бар. Кішкентай ғана қонақкәдемді, өнерімді бағалап, қол соғып жатқандарыңызға рахмет! Сіздерді қатты сағындым, қатты жақсы көремін!»,- деді Димаш жанкүйерлеріне білдірген лебізінде.