Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Қандай қорқынышты!”. Алматыда қауіпті қарақұрттар табылып жатыр

280

Құрақұрт аналығының уы жылан уынан 15 есе уытты.

«Бұрын қарақұрт далалы аймақта болатын. Қазір адамдар хабарласып, үйінен тауып жатқандарын айтады. Бұл бізді алаңдатып отыр», – дейді дезинсектор маман Гульчехра Имирова.

Қарақұрттардың қалада көбеюінің бір себебі – кәуәп бизнесі. Құрақұрттар кәуап пісіретін сексеуілдермен бірге келеді. Аналықтары сексеуілдерге жұмыртқалайды.

Одан бөлек балық аулауға, аңшылыққа баратын қала тұрғындарының өзі де улы жәндікті өзімен бірге тасымалдайды.

Дәрігерлер биыл қарақұрт шаққан жағдай тіркелмегенін айтады. Бірақ мамандар тұрғындарды сақтыққа шақырады. Қарақұрттың шаққанын адам сезбейді. Ал, уланған адамның денсаулығы нашарлаған жағдайда оны басқа аурумен шатастырып алуы мүмкін. Қарақұр тшаққанда адамның жүрегі айнып, терлеп, денесі ауыр болып тұрады.

«Қарақұрт шағып алған жағдайда, дәрігерлер келгенше ауырған жерге кез келген антисептик жағу керек. Егер ауырсыну болса, ауырсынуды басатын дәрі беру керек. Егер жүрегі айныса, жүрек айнуды басатын дәрі ішкізеді. Жәндік шаққан жерді сықпау керек», – дейді дәрігер Талғат Шәкіров.

Дәрігерлер науқасқа уды қайтаратын арнайы дәрі салады. Бірақ көмекке дер кезінде келу керек. Егер қарақұртты үйден тауып алсаңыз, дезинсектор мамандарын шақырыңыз. Қарақұртпен өз бетінше күресу адам өмірі үшін қауіпті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз