Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қанат Ислам қайда жүр?

321

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазір алған жарақатыма байланысты емделіп жүрмін. Алда жекпе-жектеріме дайындықты бастайтын боламын, – деді боксшы.

Қанат Ислам соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың қыркүйек айында шықты.

Астанада канадалық боксшы Брендон Кукпен жұдырықтасып, 9 раундта техникалық нокаутпен қарсыласын жеңген болатын.

Одан кейінгі жекпе-жегін биыл 23 маусым күні өткізетіні белгілі болған еді.

Алайда отандасымыз жаттығу кезінде жарақат алып, жекпе-жек өтпей қалды.

Айта кетейік, Қанат Ислам ақпан айында танымал менеджер Эгис Климаспен келісімге келіп, АҚШ-тағы жаттығуын бастаған еді.

  • Спортшы 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста қазақ елінің атынан бақ сынап келеді
  • Оған дейін Қытай елінде жүріп Олимпиада ойындарының (2008) және әлем чемпионатының (2007 қола жүлдегері атанған

Кеше боксшы Алматыда 2019 жылы Красноярскіде өтетін қысқы Универсиада ойындарының алау эстафетасына қатысты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз