Халықаралық бокс ұйымының (IBO) рейтингі жаңартылды.
Халықаралық бокс ұйымының (IBO) рейтингі жаңартылды.
Бірінші ауыр салмақта Иса Ақбербаев үш сатыға төмен сырғып, 34-ші орынға тұрақтады. Бірінші орта салмақтағы боксшы Қанат Ислам 51-ші орыннан 19-орынға көтерілді, ал Мадияр Әшкеев 99-шы орынға жайғасып, үздік жүздікке кірді. Жартылай орта салмақта сынға түсетін Жанқош Тұраров 88-ші орынға орналасты.