Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қалыпты жағдай”. Пәкітігін қайта қалпына келтіру жайлы қыздардың пікірі екіге бөлінді

351

Еске сала кетейік, мұндай сауаланама ерлер арасында да жүргізілген еді. Олардың дені пәктік мода емес”деген пікірді алға тартып,айды аспанға бір-ақ шығарған еді.

Енді, дәл осындай сауалды елордалық аруларға да қоюды жөн санадық. Бір қызығы, олардың көпшілігі қыздықты қалпына келтіруге қарсы емес болып шықты.

«Үстінен түстім». Күйеуі көзіне шөп салған келішек әйел бақытын сезіне алмағанын айтты

Блиц-сауалнамаға қатысқан бойжеткендердің дені гименопластикаға (авт. пәктікті қалпына келтіру отасы) жүгінетін бойжеткендердің қарасы қалың екенін айтты.

“Пәктікті қайта қалпына келтіруде тұрған ештеңе жоқ деп санаймын. Қазір бәрі солай жасайды десем артық айтқаным емес. Бізде әлі күнге дейін осы мәселеге көп көңіл бөлінеді. Бірақ, басқа елдерде олай емес. Бізде соған келе жатқан сияқтымыз. Меніңше ол қазір қалыпты жағдай”, – дейді астаналық арулардың бірі.

Сауалнамаға қатысушылардың енді бір тіпті, жақын құрбысының дәл осындай ота жасатқанын айтты.

Әбден ашынған әйел күйеуінен ерекше өш алды – тергеушілер шошып кетті

“Бұрындары бір жігітпен жүрген. Онымен үйленеміз деп, жігіт арнайы ұсыныс та жасады. Бірақ, құрбым кейін оның басқа қызы бар екенін біліп, ажырасып кетті.

Бірақ, екі жылдай жүргендіктен,араларында бәрі болған. Кейін басқа жігіт кездестірді. Ол қазақы тәрбие алған жігіт болғандықтан, басында қалай айтамын деп қатты қиналды.

Бірақ, ота жасатып, тұрмыс құрды. Қазір, жап-жақсы отбасы, бір балалалары бар. Мұндай жағдайдар көп деп ойлаймын.

Сондықтан, пәктікті қалпына келтіру де тұрған түк жоқ. Отбасын құрып, адал жар болғысы келетін қыздардың бәрі солай жасайды”, – дейді арулардың бірі.

Сол сияқты, елордалық қыздардың арасында пәктікке баса мән беретін де қыздар табылып жатты.

Қалталы жігітке тұрмысқа шыққысы келетін бойжеткен айтпағанды айтты (видео)

“Отбасы құрғанға дейін жақындасу үлкен күнә емес пе? Тіпті, ата-анаңның абыройын төгу деп ойлаймын. Сондықтан мен пәктікті қалпына келтіру сияқты отаға қарсымын.

Әр қыз бала өз ісіне, өз әрекетіне, болашағына жауап беруі тиіс. Егер аз да болса жауапкершілік болса, мұндайға бармайды деп санаймын”, – дейді сауалнамаға қатысқан арулардың бірі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз