Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қалмұханбет Қасымов Мұхитов қызметін жалғастыра ма деген сұраққа жауап берді

114

Журналистер министрге Мұхитов әрі қарай қызметін жалғастыра ма, жоқ па деген сұрақ қойды.

“Конституцияға сәйкес, біз оған қандай шағым айта аламыз? Ол (сотталушы) ересек адам, жасы 29-да, ата-анасынан бөлек тұрады.

Құқықбұзушылық жасады. Енді біз барлық туысын жауапкершілікке тартуымыз керек пе? Меніңше, бұл дұрыс емес қойылған сұрақ”, – деді министр.

Еске сала кетейік, Қызылорда облыстық ІІД басшысының 29 жастағы қызы Малика Мұхитова Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апатына айыпты деп танылып, 2 жылға сотталған болатын. Мұхитова енді жазасын минимал деңгейдегі қауіпсіздік колониясында өтейді.

Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз