Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қалетаев: “Жастар білімге құндылық ретінде қарамайды”

123

Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің ХХІ отырысы. Шымкент, 13 сәуір 2018 жыл.

Дархан Қалетаев кеңесте өзі басқарып отырған министрлік жастар мәселесі бойынша әлеуметтік сараптама жүргізгенін, қорытындысы бойынша “ойланатын біраз мәселе барын” айтты.

Оның сөзінше, Қазақстан жастарының денсаулық көрсеткіші өзге елдермен салыстырғанда нашар, 161 мемлекеттің ішінде 115-орында тұр.

– Жастар білімге құндылық ретінде қарамайды. Елдегі білім алуға ұмтылатын жастардың үлес салмағы 12,6 пайыз. Отан үшін қолына қару алуға дайын екенін айтқан жастар – 8 пайыз. Жастар өз күшіне сене алмайды, жұмысқа орналасу үшін қаражат пен “ағалардың көмегі” қажет деп білетін болған. Жастардың 28,8 пайызы суицидке бейжай қарайды. Әрбір алты жастың бірі суицид жасаған адамға түсіністікпен қарайтынын айтады. Бұл – дабыл қағатын факт, – деді Дархан Қалетаев.

Министрдің пікірінше, жастардың алдында тұрған басты мәселе – білім алып, жұмысқа орналасу және отбасын құру. Ол жастар саясаты – негізінен әлеуметтік мәселе екенін және оған әлеуметтік тұрғыдан қарау керегін айтады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз