Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Қалай жиіркенбейсің?..”. Айсәуле Қазақстанды парақорлар елі екенін айтты

Бірақ ондағы кемі 20 студентті танимын. Барлығы дерлік сабаққа мүлде бармайды.

Маған салса да сабаққа мүлдем бармас едім. Өйткені бізде сондай мүмкіндік бар. Ол мүмкіндікті неге пайдаланбасқа? Сабаққа бармай, диплом алудан кім бас тартсын?!” – дейді бойжеткен.

https://kaz.365info.kz/sheshesi-siyakhty-khorkhor-shegip-otyrgan-ajsaule-maskhara-boldy-video-301720

Айсәуленің айтуынша, елімізде барлық сала қызметкерлері пара береді және пара алады. Тіпті, жемқор болу үшін бай болу маңызды емес, – дейді Баян Алагөзованың тұңғыш қызы.

“Ең жемқор емес деген университетіңіз де, ауруханалар да, мектеп те, тіпті полиция да дәл сондай күйде… Бізде барлық жерде сондай. Пара беру мен алу қалыпты жағдай. Қай салада болмасын, барлығы пара береді және пара алады. Себебі адамдар өзгерісті қалайтынын тек ауызбен айтқанды ұнатады. Ал бірақ ешкім өзінен бастағысы келмейді.

https://kaz.365info.kz/aralaspajdy-zhelidegiler-bayan-alagozovanyn-ylken-khyzymen-ara-khatynasyna-alandauly-297751

Содан өзгерісті өзімнен бастаймын! Иә, өз Отанымда ешқашан ешкімге пара бермеймін және пара алмаймын деп шешім қабылдадым.

Себебі мемлекет сенің өзіңнен басталады. Мемлекетті өз игіліңе пайдалану үшін қызмет етсеңіз, сіз барып тұрған “қоқыссыз”. Айтпақшы, “қоқыс” демекші, полицейлерден артық пара сұрайтын адамды көрмедім. Бұл туралы кейінірек…

https://kaz.365info.kz/khokhyskha-ykhsajtyn-ajsaule-birge-tyrgan-zhigitinin-nege-tastap-ketkenin-ajtty-297643

Егер ұялатын іс жасамасаңыз, бұл жазбамды елемейсіз. Әрине, бірнеше мәрте адал заң қызметкеріне кезіккенімді жасырмаймын. Бірақ 100 полицейдің тек бірнешеуі пара алмайтыны, өкінішті”, – деп түйіндеді сөзін ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз