Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Қалай ұқпайсыздар?..”. Ақтөбе дін басшысы орамалға қатысты мәлімдеме жасады

Исламның құндылықтарын қате түсінген кей ағайын бесіктен белі шықпаған баласын орап, балабақша мен даярлық және бастауыш сыныптарда оқитындарын да орамал тағуға мәжбүрлеуде»,

— дейді облыстық дін істер басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов.

Басшы өңірде орамал тағып жүрген жасөспірімдердің дені балиғат жасына толмағанына қынжылды.

«Ақтөбе өңірінде мектепке орамал тағып келіп отырған оқушылардың 75 пайызына жуығы – балиғат жасына толмаған балалар.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде:«Үш адамға қалам жазылмайды» (үш адам жауапқа тартылмайды) деген.

Олар балиғат жасына жетпеген балалар, ұйқыда жатқан адам және ақыл есі кем жандар.

Әбу Бәкірқызы Әсмаға Алла Елшісінің (с.ғ.с) балиғат жасына жеткеннен кейін ғана әурет саналатын жерлерін көрсетпеуін ишарамен білдіруі де осыған дәлел емеспе?!

Ендеше парызды дер кезінде, уақыты туғанда орындасақ, бүгінгі туып отырған жағдай орын алмауы да мүмкін екендігін ескеруіміз қажет. Біз зайырлы елде өмір сүрудеміз. Мемлекет заңдарын сақтап, бойұсыну да кез-келген республика азаматына тікелей қатысты мәселе.

Қадірлі ағайын, баршаңызды баланың білім алуы міндетті екендігін ұғынып, білім беру ұйымының ішкі талап, ережелерін сақтауға шақырамын. Білімсіз амал істеген адамның қоғамға тигізер пайдасынан зияны көп болады», — дейді Жолдас Қалмағанбетов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз