Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қалай ренжімейсің?”. ЕХРО аясындағы жиында Ресей әділетсіздікке ұшырап жатқандарын айтты

101

Оның айтуынша,

бүгінде энергия ресурстарын жеткізуші компаниялар нарығында әділетсіз бәселестік барынша байқалады. Ондайда экономикалық фактордан бұрын саяси кедергілер басым болып жатады. Ал тұтынушылардың мүддесі ескерілмейді.

«Мәселен, Еуропалық комиссияның энергетикалық мәселелерге қатысты өкілеттігі күшейіп келеді. Біз оны анық байқап отырмыз. Өкінішке қарай, коммерциялық компаниялардың өзара келісіміне араласу, маңызды инфрақұрылымдық жобаларға ешбір негізсіз өзгеріс енгізу сияқты әрекеттер бар. Бұның барлығы алдымен тұтынушыларға кері әсерін тигізіп отырғаны айдын анық», – деп атап көрсетті Новак.

Ресейдің энергетика министрі Еуропа мемлекеттерінің санкциялық текетіреске тым әуестеніп кеткені жайында айтып отыр. Соның салдарынан энергия ресурстарын жеткізуші компаниялар сан алуан тосқауылдар мен шектеулерге тап болып жатыр.

«Сөз жоқ, энергетика саласында геосаясаттың күшейіп кетуі тұрақты энергетикаға кері әсерін тигізуде. Сосын кейбір энергия көздерін өндіру шараларына преференция беру, бейбіт атомды дамытуға шектеу қою ол да әділетсіз бәсекелестіктің бір көрінісі болса керек», – дейді Новак.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз