Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Қақыңыз жоқ”. Ақтөбеде мұғалім мен орамал таққан әйел төбелесіп қалды (видео)

Мұңсыз әрі үнсіз отыратын билік өкілдері хиджаб мәселесіне енді алаңдай бастаған сияқты. Тіпті қазір облыстағы кейбір мектептерді полицейлер күзететін жағдайға жеттік.

Әлеуметтік желіге лезде тараған мына бейнежазба Ақтөбе қаласындағы мектептердің бірінде бүгін таңертең болған жағдай. Басындағы орамалы үшін мектепке кіргізілмеген оқушының ата-анасы өз баласына білім беретін ұстазға күш көрсетіп жатыр.

“Ол біздің шариғаттан келген, Құранда жазылған балиғатқа толған қыздарыңды кидіріңдер, орындаңдар деген. Ол ол кезде лицемерство болады. Біресе тағады, біресе тақпайды. Уже баланың да тәрбиесі бұзылады ғой, – дейді тұрғын Елена Сақатова.

https://kaz.365info.kz/hidzhap-kigen-o-ushyny-mektepten-eshkim-ua-almajdy-za-solaj-vitse-ministr-232332

Ал мынау түскі ауысымдағы басқа мектептегі жағдай. Бұл мектеп те орамалмен келген оқушыларды ішке кіргізбей кері қайтарып жатыр. Оқушылардың айтуынша, үшінші тоқсан басталғалы, яғни қаңтардың 8-нен бері сабаққа қатыспаған. Ал мектеп басшылығы болса, талап пен тәртіп барлық оқушыға бірдей дейді. Айтуынша, мектепке орамал тағып келетін 19 оқушының әзірге ешқайсысының ата-анасы мектептің бірыңғай киім формасына бағынғылары келмеген.

https://kaz.365info.kz/aza-yzdaryn-oramal-ta-u-a-mindetteu-kerek-pe-244718

“Қазіргі таңда біз есікті ашып қойып отырмыз. Оқушыларды кіргізуге рұқсат. Бірақ мектеп формасы бойынша орамалдарын шешіп келу керек. Бұны ата-аналар орындағысы келмейді. Бірақ заң жүзінде бәрі жазылған. Біз тек талапты орындап отырғандармыз”, – дейді Ақтөбе қаласы №31 қазақ орта мектебінің директоры Сәуле Баймағанбетова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз