Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қайтыс болған адамның суретін төрге іліп қоюға бола ма?

1230

Себебі, менің бүгінгі айтайын дегенім, бұл дүниеден өтіп кеткен адамдардың суреттері туралы.

Қазақтардың менталитетінде қайтыс болған адам туралы тек жақсы сөздер айту, мазар басына барып зиярат ету, құрмет көрсетіп ас беру тән.

Бірақ қайтыс болғаннан кейін, ол менің әкем еді, анам еді, бауырым еді деп суретін үлкейтіп, болмаса қолдан суретін салдырып үйдің төріне іліп қою психологиялық тұрғыдан дұрыс емес. Өйткені өлген адамның суретінен суық энергия бөлінеді. Ал ол, сіздің семьяңыздың жылылығына, татулығына, семьядағы адамдардың денсаулығына теріс әсерін тигізеді.

Қайтыс болған адамның суретінде ол кісінің өмір сүрген кездегі барлық энергиясы, қиналыстары, эмоциясы бәрі сақталады.

Егер маған сенбей, өзіңіз сынап көргіңіз келсе, қайтыс болған адамның суретіне біраз уақыт қарап тұрып, сол сәтте өзіңіз қандай күйге түскеніңізді бақыласаңыз жеткілікті.

Сондықтан өмірде жоқ адамдардың суреттері ілініп тұрса, оларды ақырын алып, бір қорапқа салып, үйге тығып қойыңыз. Суретті жинағанда беттерін бір-біріне қаратып жинамаңыз.

Ал осы мәселеге байланысты білдірер пкірлеріңізбен, айтар ойларыңызбен бөлісем десеңіз мен қуана-қуана қолдаймын. 

Балабек Сақтағанов

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз