Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Қайтар ақшамызды…”. Астанада адамдар банк ғимаратына лап қойып, басып кірді

https://kaz.365info.kz/damelenbesin-bas-bankir-arzan-ipoteka-kimderge-byjyratynyn-ajtty-307086

Наразылық білдірушілер бірнеше жыл бұрын арнайы байқаудан өтіп, үй алулары керек болған. Алайда, осы уақытқа дейін салымшылар несиені алмаған, не баспана дайын емес.

Бәрі депозит ашып, тапқан ақшасын жылдар бойы “Тұрғынүй құрылыс жинақ банкіне” салып келген. Олар екі жыл бұрын банк жариялаған байқауда жеңіске де жетіпті. Сөйтіп, ипотекалық несиеге пәтер алулары тиіс еді.

“Мен пәтерақыға 130 мың төлеймін, коммунальдық шығынымен қосқанда 150 мыңға барады. 5 балам бар. Ана жерде, мына жерде қаңғып жүрмін”, — дейді салымшылардың бірі.

“Бүгін Акт тіркейді, жұма күні құжат сіздердің қолыңызда болады”, — деп басу айтты банк маманы.

https://kaz.365info.kz/ajtpaj-ma-basynda-nyrly-zher-bojynsha-tyrgyn-yj-khyrylysy-tokhtady-270564

Топырлап кірген салымшыларды көргенде, банктің қалалық бөлімшесінің басшысы үйдің құжаттары дайын деп, қолындағы қағаздарды көрсетіп әлек. Тіпті бар кінәні құрылыс компаниясына ысыра салды.

“Біз құрылысты жүргізбейміз. Тек сол біткен үйді сатып алуға несие береміз. Сондықтан бітпеген үйге қалай несие береміз? Дұрыс па? 2015 жылы басталған құрылыс 2016 жылы тұрып қалды. Қазір үй бітті, Акт қолымызда бар. Болды, бұл жерде қандай сенсация?”, — деді ТҚЖБ Астанадағы орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев.

Сенсация іздеп жүрген салымшылар жоқ. Олар бар болғаны банкке құйған миллиондарына тиесілі баспаналарын беруді талап етіп отыр.

“Екі жылдың ішінде бізге сыйақы түскен жоқ, не үй жоқ. Бос сылтау. Қазағым шыдай тұр деп. Бұл деген сұмдық жағдай. Мен екі бөлмелі пәтерге өттім. Шаршы метрі – 185 мың теңге”, — дейді салымшы Алтынай Тұрғанбекова.

https://kaz.365info.kz/otirikshi-baspana-syrap-yjli-bolgan-akhtobedegi-okhushynyn-basy-dauga-khaldy-video-261531

Құрылыс компаниясындағылардың айтуынша,

тұрғын үй кешенінің ішіндегі құрылыс аяқталған. Алайда құжаты дайын емес. Оның үстіне баспананың ауласында әлі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Алайда 12 қабатты үйдің құжаты дайын емес. Әділет министрлігінің базасына тіркелмеген де. Осыған қарағанда даудың жақын арада шешілуі екіталай сияқты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз