Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Қайтады олар…”. Әкімдік ақсақалдарға қытай азаматтары жұмыс істейтін зауытты көрсетті

https://kaz.365info.kz/ashygyn-ajtajyn-ministr-khytaj-turaly-yrejli-videony-kimder-taratkhanyn-ajtty-320303

Осы жайтқа байланысты түсініктеме жұмыстарын жүргіздік. Ауылдың ақсақалдарын алып, сол зауыттың жұмысын көрсеттік.

Ол жерде Алматы облысының әртүрлі аймақтарынан келген 100-ге жуық құрылысшымен қатар 125 қытайлық азамат жұмыс істейді.

Өйткені, зауыттағы құрылғылардың бәрі Қытайда шығарылған.

Қытайлық инженерлер жергілікті жұмысшыларға зауыт технологиясын көрсетіп, үйреткеннен кейін өз еліндеріне қайтарылады»,

– деді Ғалымұрат Жүкел.

https://kaz.365info.kz/kim-ajtyp-zhyr-ony-elbasy-khazakhstannyn-kharyzy-kop-degenderge-zhauap-berdi-video-319177

Баспасөз хатшысының айтуынша, Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы «Сарыөзек-Көктал» тас жолының бойында Қазақстан мен Сингапур кәсіпкерлері бірігіп, цемент шығаратын зауыт салып жатыр. Бірлескен серіктестіктің 60 проценті қазақстандық кәсіпкерге тиесілі болса, қалған 40 проценті сингапурлық инвесторлардың еншісінде.

Құрылысы жүріп жатқан кәсіпорын 2019 жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Жылына 1,2 миллион тонна цемент шығаратын зауытқа 50 миллиард теңгенің инвестициясы тартылуда.

«Қазіргі таңда Алматы облысы республика бойынша цемент өндіруден соңғы орындардың бірін алып тұр. Бұл жобаның жақын арада жүзеге асырылуы облыстың цемент тұтыну бойынша бірінші орында тұрғанын ескере отырып, Алматы облысының осы салада жетекші орындарға шығуына мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

https://kaz.365info.kz/bizge-bolady-khazakhtan-eki-ajel-algan-dogan-agynan-zharyldy-video-321780

Сонымен қатар, құрылыс аяқталғаннан кейін, біздің кәсіпорын цемент шығарып, онда 387 жаңа жұмыс орны пайда болады. Зауытқа жұмысшыларды Кербұлақ, Көксу аудандары мен Қапшағай қаласынан алынса деп жоспарлануда. Жылына 2 млрд теңгеге жуық салық төленеді деп күтілуде», – дейді «Alacem» цемент өндіру зауытының бас директорының орынбасары Станислав Щербаков.

Айта кетелік, Қытайда лаңкестікпен күрес іс-қимылы белсенді жүргізіліп, қазір ондағы қандастарымыз күштеп арнайы сауат ашу дәрісінен өтіп жатыр. Бұл қазақ қоғамында белгілі бір деңгейде наразылық туғызған.

https://kaz.365info.kz/ytajdan-emes-aza-ty-zhem-orlarynan-or-u-kerek-k-sipker-224090

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз