Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Қайраттың осылай істерін білгем!”. Белгілі нумерологтың болжамы орындалды

189

View this post on Instagram

Менің байлықтарым, жарқыраған жұлдыздарым сол! Алла бүлдіршіндерінің несібесіне, амандықтарымен біздерді қуанышқа бөлеп, өмірлерін ғұмырлы болуын қабыл етсін! Шынымды айтсам, Жұлдыз алғаш рет ән айтып тұр, бұрын соңды ән айтып көрмеген.Және бұл идея ойламаған жерден туындады. Қаншама жылдан бері, сұраныста болғандықтан, концерт жүргізуші ретінде Қайраттың жанына ертіп, көптен күткен елмен жақынырақ таныссын деген ниет еді бізде. Халық өте жоғарғы деңгейде Жұлдызды қарсы алып жатты. Арасында бір күн уақыт тауып, еш дайындықсыз болсақта, көз жұмып әнді жазып жібердік. Бар ойымыз, осыншалықты қошеметке лайықты тағы бір дүние тудырып сіздерді қуантуға тырыстық. Сол себепті кем-кетігі болса түсіністікпен қарарсыздар.Қалай болғанда да, әрбір отбасының санасына, жұптарын бағалауға үлес қосатын, өте мағыналы ән деп санаймын.

A post shared by Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova) on

Бұл ретте белгілі нумеролог Клара Күзденбаева өзінің болжамының орындалғандығын айтады:

“Құрметті достар! Жақсы болжамдардың орындалатыны қандай керемет! Осыдан бір ай бұрын мен Алматыда болғанымда, мені 31 арна және оның жүргізушісі Аня Данченко түсіріп еді. “Айта берсінде” Қайрат Нұртас пен оның әйелі туралы және олар болашақта бірге дуэт болып, ән шырқайтындығын айтқан едім. Олар менің кеңесіме құлақ асты ма, әлде өздері жоспарлағаны ма, білмеймін. Бірақ, мен көріпкел емеспін. Бірақ сандар еш уақытта қателеспейді. Мен мұны анық білемін!”, деп жазды ол желідегі парақшасында.

Мұнымен қоса, халықты  енесі мен келінінің бір сахнада тату жүргені тәнті етті.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Нұртас Екібастұз, Петропавл, Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларында өнер көрсетті. Алда тағы да :23- Қараша Ақтау қаласы, 24- Қараша Жанаөзен қаласы, 26- Қараша Қызылорда қаласы, 28-Қараша Түркістан қаласы, 29- Қараша Шымкент қаласы, 30- Қараша Тараз қаласы, 4- Желтоқсан Қарағанды қаласы, 5- Желтоқсан Қөкшетау қаласы, 6-Желтоқсан Семей қаласы,
7- Желтоқсан Өскемен қаласы, 8- Желтоқсан Қостанай қаласы, 11- Желтоқсан Степногорск қаласы, 12- Желтоқсан Теміртау қаласында концерт бермек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз