Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қайрат Нұртастың туған күні: әншіге Cadillac Escalade сыйлады

3406

Әншінің көліктер коллекциясына қара Cadillac Escalade жол талғамайтын көлік қосылды. Кейбір мәліметтер бойынша, інілері оны 37 миллион теңгеге сатып алған.

«Қайрат ұлымызды туған күнімен құттықтаймыз! Сөге жамандамаңыздар, мынау артынан ерген Аян мен Астанадан келе алмай қалған Заңғар ағасына темір тұлпар сыйлап жатыр. Рақмет! Құтты болсын!», — деді әртістің әкесі Нұртас Айдарбеков.

Айдарбековтер отбасы әншіге басты сыйын тарту еткеннен кейін бәрі әншінің туған күнін тойлауға – Ritz Carlton қонақүйінің мейрамханасына аттанды. Алматының ең қымбат ғимараттарының бірінде қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің дерлігі жиналды.

Отандық поп-музыка ханзадасын құттықтауға көптеген қонақ келді. Қайраттың жары Жұлдыз Әбдукәрімова сыйлық ретінде әншінің өмірі жайлы шағын бейнеролик ұсынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз