Аян Нұртастың әйелі 8 наурызда ұл босанды.
Анасы мен сәбидің жағдайы жақсы. Ұл балаға Нұр деген есім берілді.
Естеріңізге сала кетейік, Аян мен Әйгерім 2016 жылы үйленген, отбасында Ақмөр есімді тұңғыш қыздары өсіп келеді.
Болашақ ерлі-зайыпты мектепте танысып, сыныптас болған. Қыз ұзақ уақыт бойы жігіттің көңілін қабылдамай жүріп, ақыры Аян жүрегін жаулап алғанын айтқан. Әйгерім орыс тілді отбасында өскеніне қарамастан, Айдарбековтер отбасына оңай сіңісіп кетті.