Желіде танымал бола бастаған Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбікәрімова отбасылық тың суреттері мен басынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісуде.
Жұлдыз қалай ана атанғаны жайлы жазба жариялады. “Айта берсең әңгіме көп”,-дейді Жұлдыз.
“Ең алғаш ана бақытын сезінген кезім. Қызымыз Сезім. Қайрат екеуміздің қуанышымызда шек жоқ,бірақ жас болдық, әке- анамыз деп айтуға ыңғайсызданамыз. Өмір осылай жалғасын тауып қазір Аллаға шүкір екі ұл екі қызымыз бар. Бақытты отбасылардың қатарындамыз шүкір. Осының бәрі әуелі Алла, одан кейін қарапайым xалықтың арқасы, Қайратты көтерген шынайы жанашыр тыңдармандары. Сіздерге көп рақмет. Мен 10 жыл бойы көрінбей тығылып жүрмедім, уақыты келгенде көрсетерсің деп жүрдік. Ел Қайраттың үйленген-үйленбегенін нақты білмей қалды, Қайратқа деген, оның отбасына, шығармашылығына деген қызығушылық арта түскен сайын біз де өнеріне балта шаппайық деп тек тілеуші болып келдік. (Айта берсек әңгіме көп, қалғанын келесі постта жазамын) Күтіңіздер. Жұлдыз Әбдікәрімова”, – деп жазған ол баласымен түскен суретін жариялады.