Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Қайдағы зорлық?..”. Асхат Тарғын Абай Бегейді сынаған көпшілікке жауап берді

200

 

https://kaz.365info.kz/bar-endi-makhpal-zhynisova-kholynda-osken-sinlisin-zhylatyp-khojdy-video-322754

Бір мүшел жас кіші қызды алған Абай Бегей оны алып қашқан шығар дегендер де табылған желіде. Бұл сөзге оның өнердегі әріптесі араласты.

Асхат Тарғынның айтуынша,

Абай Бегей болашақ жарын осыдан бір жыл бұрын жолдасының тойында жолықтырған.

“Қостанайда досымыз үйленіп, Абай да, мен де қонаққа бардық. Сол жерге Фариза қыз жолдас болып келген. Екеуі сол жерде танысқан. Оны мен білмеймін. Кейіннен “сөзіміз жарасты” деп айтты. 2-3 айдан кейін сөйлесіп жүр дегенді естігенмін”, – деп ағынан жарылды Асхат Тарғын.

Әншінің айтуынша, ол оқиғадан бері 1 жылға жуық уақыт өткен. Осы уақыт аралығында жүз ойланып, мың толғанған Абай Бегей ақырында үйленуге бел буған.

https://kaz.365info.kz/tylakhtaj-khajtedi-atyshuly-zamira-khytaj-zhigitterinin-yly-myshesin-soz-etti-video-322723

“Кешегі той өте жоғары деңгейде өтті. Абайдың өнердегі ағалары келіп, тілектерін айтты. Фариза да, Абай да сөйлесіп, ортақтасып шешкен дүние.

Ешқандай да зорлық та, қорлық та жоқ. Екеуі бір-бірін біліп барып үйленді”, – дейді Асхат Тарғын.

View this post on Instagram

Біз үйленгенде біраз адамдар жерден алып-жерге салып еді.Түсінемін менің өмірбаянымды көбісі білмейдіғой.Сондықтан болар.Мен бірінші жолдасыммен жараспай 10 жыл бұрын жолымыз екіге айрылған болатын. Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан дейдігой Қазағым…10жыл бойдақ жүріп Әлиямен бас қостым.Аллаға шүкір, біз бақыттымыз😍💏 Алла бақытымызды ұзағынан қылғай!!! Сондықтан әр нәрсенің байыбына жетпей ғайбат жазбаңыздаршы!!! Әр адам бақытты болуға тиіс.. Баршаңызға бақыт тілеймін!!! #Абайбегей

A post shared by Асхат Таргын (@askhat_targin) on

“Он жыл бойдақ жүріп, Әлиямен бас қостым. Аллаға шүкір, біз бақыттымыз. Алла бақытымызды ұзағынан қылғай. Сондықтан әр нәрсенің байыбына жетпей, ғайбат жазбаңыздаршы. Әр адам бақытты болуға тиіс”, – деді әнші Instagram парақшасында.

 

https://kaz.365info.kz/bynyn-khalaj-dimashtyn-zhartylaj-zhalanash-tysken-sureti-kopshiliktin-ashuyna-tidi-foto-322725

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз