Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлдары Ахмад пен Адам Youtube желісіне жүктелген видеода жекпе-жекке шақырған қазақ баласына жауап берді.
Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады.
“Сенің қандай спортшы екеніңді білмейміз, алайда менеджерің жақсы екен. Абай – сен нағыз жігітсің. Осы бетіңнен тайма. Сәтін салып жатса, шаршы алаңда кездесерміз, алайда өмірде бауыр болып қаламыз. Біздің елге кел, қонағымыз боласың”, — дейді Ахмад Қадыров.
“Абай, Қазақстанда жүріп біздің өнерімізді сырттай бақылап жүргеніңе қуаныштымын. Сенің ұсынысыңа келсек, біріншіден, салмақ дәрежеміз әр түрлі, екіншіден, сен бірде-бір жекпе-жек өткізбепсің, тәжірибең жоқ. Біздің клубқа кел, жаттығу жасап, спарринг өткіземіз. Дос боламыз”, — деді Адам Қадыров.
Естеріңізге салак етейік, алматылық он жасар Абай Тәжібай Қадыровтың ұлдарының ММА белбеуін тартып алу үшін оларды жекпе-жекке шақырған болатын.