Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Кезекті жемқор…Атырауда аудан әкімі сотталды

Сот отырысында анықталғандай, 2016 жылдың қыркүйегінде Астана қаласында Атырау облысы ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің жәрмеңке-көрмесі өткен. Аталған шарада Исатай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы К.Е. бастап барған. Сол кезде аудан әкімі Т.Султанбеков жәрмеңкеге қатысушы К.Е.-ге 22 дана «сазан» балықтарын алып, елордалық ағайын-туыстарына апарып беруді өтінген.

Сөйтіп, К.Е. жәрмеңкеде балық өнімдерін ұсынушы «Амангелді» өндірістік кооперативінен 50 000 теңгеге «сазан» балықтарын қарызға жаздырып алады. Атырауға келген соң К.Е. әкімге кооперативке қарызын қайтарып беру керек екенін ескертеді. Әкім оған сыйақы ретінде 83 000 теңге беретінін айтып, өз кезегінде ол 50 000 теңгесіне қарызды төлеп, қалған ақшаға танысының өтініші бойынша «қой» малын алып беруді тапсырады.

Екінші эпизод «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты. Бағдарламаның талабына сәйкес ауданда қызмет етуге бел буған жас мамандарға мемлекет тарапынан тұрғын үй берілуі тиіс. Осындай бір маман Исатай ауданына келіп, оны бір үйге орналастырады.

Кейін анықталғандай, аталған үй аудан әкімінің жақын туысына тиісті болған, ал оның жалдау құны мемлекет тарапынан өтелген. Бұл факті Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің маманының тексеруі кезінде анықталады. Департамент маманы кемшілікті анықтамаға енгізетінін айтып, Астана қаласына кетіп қалады.

Мәселенің ушығып кетуінен қорыққан әкім, лезде оның артынан Исатай аудандық әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Қадыржанованы Астанаға жібереді. Ол тексеруші маманға 150 000 теңге қаражатты пара ретінде беруі керек болған. Қызығы ол параны өз қаражатының есебінен беруі керек болған, өйткені әкім келгесін сыйақы жазу арқылы ақшаны қайтарып беруге уәде берген.

Сотта Т.Султанбеков кінәні мойындау туралы мәмеле түріндегі процестік келісім жасақтады. Соған сәйкес сот оған 4 560 150 тенге айыппұл салып, қылмыстық жолмен табылған мүлікті тәркілеп, өмір бойына мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырды.

Қылмыстық істің екінші сыбайласы Р.Кадыржановада кінәлі деп танылып 4 500 000 теңге айыппұл жазасына кесілді. Алайда, рақымшылық заңының қолданылуына байланысты жазаны өтеуден босатылды.

Дереккөз: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз