Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Кеудесінен қағып…”. Екі атақты спортшы – Головкин мен Месси құшақтасты (видео)

142

Әлемдік бокс жұлдызы, қазақстандық Геннадий Головкин өзінің қолғабын Аргентина құрамасының капитаны, қазіргі заманғы ең танымал футболшылардың бірі Лионель Мессиге сыйлады деп хабарлады Sputniknews.kz.

Қос спортшының кездесуі Барселона қаласында өткен, онда Месси Sirin Labs швейцариялық-израильдік компанияның амбассадоры ретінде Finney алғашқы блокчейн-смартфонын жұртшылыққа таныстырған.

Видеода спортшылар ұзақ сөйлескен жоқ, бар болғаны бір-екі ауыз сөз айтып, естелік суретке түсті. Содан соң GGG Мессиге сыйлық ретінде өзінің алтын түстес қолғабын ұсынды.

“Сәттілік әкелсін!”, — деп Головкин Мессиді құшақтады.

Жаңа өнертабыс Finney криптоиндустрияның негізін қалаушылардың бірі Хэл Финнидің есімімен аталған. Смартфон 15 желтоқсаннан бастап сатылымға шығады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз