Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Кеудесіне тергеушінің есімін жазған ақтөбелік тұрғын өзіне тағылған айыппен келіспейді

Дәмхана жанындағы төбелеске қатысым жоқ деп қарсылық танытып, кеудесін тіліп жүрген жігіт осы. Бауыржан Өнерзақ өзінің кінәсіздігін осылай дәлелдемек болған. Тергеуге куәгер ретінде шақырылып, күдікті ретінде қамауға алынған азамат кеудесіне полицейдің атын тіліп тұрып жазып, аштық та жариялаған еді.

Екі ай бұрын денені тіліп жазған жазу бүгінде тыртық болып қалыпты. Дәмхана жанындағы жанжал кезінде екі адам жарақат алған болатын. Іске қатысты арыздың да жоқ екенін айтқан Бауыржан Өнерзақ тергеудің созылып кеткеніне алаңдап отыр.

“Әлі күнге дейін осы іске қатысты ешқандай арыз да түскен жоқ. Мен ол жерге тек төбелесті ажырату үшін ғана бардым. Менің қолымда пышақ болмағанына көз жеткізді. Осы іске куәгер ретінде шақырып, күдікті қылып қойды. Кінәсіздігімді дәлелдеу үшін аштық та жарияладым, денемді де тілдім. Іс әлі бітпей жатыр. Отбасымды уайымға салып қойды”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Бауыржан Өнерзақ.

Облыс прокурорлары азаматтың шағымынан кейін істі қайта қарағандарын айтады. Енді оның қару ұстағаны жоққа шығарылып, «бұзақылық» бабы бойынша жауапқа тартылатын болады дейді.

“Бауыржан Өнерзаққа қатысты қылмыстық іс ҚРҚК-нің 293-бап 2 тармағымен адамдар тобы болып, бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке көзделуіне байланысты сотқа жолданды. Тергеу кезінде жіберілген заңбұзушылықтар бойынша оны жою туралы ұсыныстар енгізілді”, – дейді облыстық прокуратураның баспасөз қызметкері Айнұр Аманқұлова.

Бауыржан Өнерзаққа қатысты қылмыстық істі қарау ертең қалалық сотта басталады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз