Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Кет на…й!» деуім керек еді. Осы полицейлер қазақша сөйлейтіндерді неге жек көреді?

Соны күткендей полиция қызыл таяғын қоқаң еткізді. Амалсыз тоқтадым.

Әйнегімді ашып күтіп отырмын. Келді.

Аты-жөнін айтып, құжатымды сұрады. (Ол орысша сөйлеп тұр. Бірақ ұлты қазақ.) Бердім.

– Не болды бауырым? – дедім мен.

– Вы создали аварийную ситуацию.

– Қалай?

– Вам полтинник сигналил же.

– Берсе, қайтем, өз жолыммен келемін. Менімен қазақша сөйлеуіңізді талап етемін, дедім.

– На каком языке говорить сам знаю. Не учи меня! – дейді…

Құжатты қарап жүр, көліктің артына барды, алдына барды. Жаныма келді.

– Вы родились в Монголии, так же?

– Иә, Монғолияда туғанмын, не болыпты?

– Не умничай, на казахском разговаривай в своей Монголии. Езжай!- деді де, құжаттарымды беріп, кете барды.

Мен де артынан бірдемелерімді айтып жатырмын. Шыдамай «Әкең…» дедім. Ұқпады. Селт етпейді. Боқтығыңның өтпей қалғаны жаман күйдіреді екен…

Бұл мәңгүртпен одан әрі сөйлесу маған да қызық болмай қалды. Жолыма түсіп ары қарай зырғи бердім.

«Кет на…й» – деуім керек еді. Сонда бірден түсінер еді… Сонда Қазақ тілі Қазақстанға  емес, Моңғолияға керек екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз