Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Кет!..”. Билік Соловьевтің Қазақстанға кіруіне тыйым сала ма?

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін кириллицадан латын қарпіне көшіру туралы жарлыққа былтыр жыл соңында қол қойған болатын.

https://kaz.365info.kz/mojyndasa-khyridy-goj-nazarbaev-resejdin-odagynan-nege-shykhpajdy-311392

 

Жасыратыны жоқ, содан бері көрші Ресей халқы бұл реформаны қазақтардан аз талқылаған жоқ.

Біразы жақтаса, көбі «орыс әлемінен алыстап барасыңдар» деп, қабақ шытты.

Ал, күні кеше «Россия 1» телеарнасынан тікелей эфирде шығатын «Воскресный вечер» ток-шоуында орыс саясаткерлері мен тележүргізуші Владимир Соловьев қазақтың тілін мазақ етіп, елде майдан болуы мүмкін деп, қорқытты.

Соловьевтің жексенбілік кеші бұл жолы АҚШ пен жақтастарының Сирияны атқылауына арналды.

Талқылау барысында тележүргізуші «Қазақстан не үшін бұл тұрғыда Ресейді жақтап, сөзін сөйлеген жоқ» деген мәселе көтерді.

Есте болса, Қазақстан билігі осыдан бірер күн бұрын

«Сириядағы жағдай қарумен емес, саяси-бейбіт жолмен шешілуі тиіс»

деген пікірін айтқан болатын.

https://kaz.365info.kz/putinnin-khany-khajnagan-shygar-ukraina-ne-byldirgenin-bilesiz-be-279122

Ал, орыс саясакерлері мен саясаттанушыларының пікірінше, Қазақстан билігі АҚШ-ты айыптап, Сирия мен Ресей билігін «қолпаштауы» керек екен.

Осылай деп, қазақ көршілеріне реніштерін білдірген Соловьев пен оның қонақтары Қазақстанның Ресейден алшақтап бара жатқанына қынжылыс білдірді.

Тіпті, латын алфавитіне көшуімізді мазақ етіп, Қазақстанда Украинадағыдай майдан болуы мүмкін дегенді айтып қалды.

«Қазақстанмен біздің альянс қандай өзі? Олар неге үнсіз қалды бізге қолдау білдірмей? Біз білмейтін шығармыз, бәлкім арамыздан қара мысық кесіп өткен болар? Әлде келесі майданның Қазақстанда болатынын күтеміз бе?» – деді тележүргізуші Владимир Соловьев студия қонақтарына.

Оның сөзін қолдай кеткен сарапшылардың бірі қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі үлкен қателік болды десе, РФ Мемлекеттік Думасы комитет төрағасының орынбасары Константин Затулин қазақтарда мүлдем тіл болмаған деп кекетті.

«Өкінішке қарай, Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бері ақырындап қазақыланып барады. Мәселен, 91-жылға дейін елде орыстардың саны көп болса, қазір аз ұлттардың біріне айналды» – деп Затулин өкінішімен бөлісті.

Сандырақ…

Солай. Соловьев орыс халқының көзі мен тілі, құлағына айналған. Оған кәміл сенеді. Күмәнданбайды орыс халқы. Басқаша ойлай алмайды өйткені. Ойлауы да неғайбыл. 

 

Бүгін оларға Украина жау. Ертең басқа ел. Ол біз болуымыз да мүмкін…

Путинге бұл екеуі керек. Дәл осындайлардың көмегімен Ресей президенті жарты әлемге жалған ақпарат таратып отыр.

Соловьевтің ұлт мен ұлтты араздастыратын, ел мен елдің арасына сына қағатын бірқатар мәлімдемесін назарыңызға ұсынып отырмыз. Сарапқа саларсыз. Тек сақ болыңыз: мұның бір де бір сөзіне сенуге болмайды!

https://kaz.365info.kz/dollar-tagy-khymbattajdy-zhana-sanktsiya-putinnin-zhanyn-shygaryp-zhatyr-310269

Жаңаресей жобасы аяқталды ма? Жоқ, жалғасын табады. Бізге Луганск пен Донецкіні тартып алудың қажеті қанша?

Ертең бұлар Украина құрамындағы автономияға айналса, Украина ешқашан антиресейшіл ел болмайды.

Аталған екі автономия бүкіл Украинаны фашистік күштерден азат етеді. Міне, сол кезде Харьков, Одесса, Днепропетровск….көтеріледі. Сол кезде Луганск пен Донецкі ғана емес, тұтас Украина біздікі болады. Біз бұл елді ешқандай оқ атпай партизандық отрядтардың көмегімен аламыз.

***

Жаңаресейді, Донбассты ешкім сатқан жоқ. Украина өз халқын қыра бастағалы бері Донбасстан Ресейге 1 млн-ға тарта адам көшіп келді. Олардың жартысы еркектер. Ресейге не үшін келгені белгісіз?

Өз үйіңді, өз отаныңды қорғап қалғың келсе қолыңа қару ал да соғысқа шық!

Әйтпесе не, сендер үшін соғысып, өлетін басқа біреулер табыла ма?

Ресей АҚШ ойлайтындай «аймақтық держава» емес.

Біз ұлы империяның мұрагеріміз.

Путин Қырымды қол астына қаратқанда күллі ресейліктердің кеудесін қуаныш кернеді. Біз бабаларымыз қан төккен, 2 млн-ға тарта орыс тұратын жерді өзімізге қайтардық.  Осылай Путин ресейліктердің ойынан шықты.

Соловьев солай деген. Ақпараттық сала өз алдына, мемлекеттік қауіпсіздікке қатер төнгізіп отырған мұндай адамды Қазақстанға қай бетімізбен кіргіздік екен?..Ойлану керек шығар осындай уақытта. 

Мінезді мемлекеттер мұндайларды маңайлатпас еді. “Қара тізімге” тығар еді Соловьевті. Біз ше? Біздің билік қайтер екен? 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз