Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

“Кескілеп тастаған”. Қара жамылған ана әділдік іздейді

Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады.

Дәурен Құралбаев асқан айуандықпен өлтірілген. Оның денесі онға жуық жерден орақпен орылып, пышақпен тілініпті. Сөйтіп қаскөйлер марқұмды қансыраған күйде дәріхана маңына тастап кеткен.

“Орақпен өте терең орып тастаған. Басын, құлағын, мойнын, жамбасын кескілеген. Тереңдігі 20 см. Екі литр қан құйды. Оны ағзасы қабылдамады”, — дейді Д.Құралбаевтың жары Райхан Жолдыбаева.

Дәурен сол алған жарақатынан жансақтау бөлімінде жатып жан тапсырды. Жарының айтуынша, ол таныстарының қолынан қаза тапқан. Оны достарымен үйге алдап шақырып, қақпанға түсірген дейді. Дастарқан басында жанжал туындап, қарудан оқ атылған. Сол сәтте марқұмның серіктері сытылып кетіп, өзі ұсталып қалыпты. Ал айуандықты бір топ жігіт жасағанымен әзірге біреуі ғана қамауда.

“Басында Нұрсұлтан деген бала отырған. Кейін інісін әкеп жатқызды. Қазір бір-ақ бала жатыр. Қалған 7-8 бала жан-жақта қашып жүр. Ал полицейлер сол балалардың сөзін сөйлеп, соларды жақтап отыр”, — дейді жігіттің анасы Сәрсенкүл Қамшыбаева.

Қара жамылған отбасы марқұмды полицейлер мазақ қылды дейді. Яғни оның қансыраған күйін суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Алайда тәртіп сақшылары мұны жоққа шығаруда. Әрі тергеу ісі әділетті дейді.

“1997 жылы туған күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлімі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) мен 293-бабы 3-бөлімі 2-тармағымен (Бұзақылық) қылмыстық іс қозғалып, тиісті сот-медициналық сараптамасы тағайындалды”, — деп түсіндірді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Тек жалғыз күдіктінің қамалғанына наразылық танытқандар кінәлілерді жаппай жазаға тартқызу үшін ішкі істер министрлігіне арыз жазбақ. Ал марқұмның артында жары мен үш баласы қалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз