Мемлекеттік хатшы Джон Керри Құрама Штаттардың Орталық Азияда бірқатар жобасын жүзеге асырып қана қоймай, оларды аяғына дейін жеткізетінін мәлімдеді.
Құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан, сондай-ақ Құрама Штаттар кіретін “С5 + 1” тобының Вашингтондағы жиыны аясында, Керри бес елдің сыртқы істер министрлерімен кездесті.
“С5 + 1” тобы алғаш рет дәл осы құраммен былтыр қараша айында Өзбекстанда кездескен болатын.