Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Керч бұғазындағы атыс: БҰҰ-да Қазақстан Ресей үшін дауыс берді

134

Бұл туралы Deutsche Welle-ге сілтеме жасап, Тengrinews.kz хабарлады.

Ұсынысты Қытай, Қазақстан және Боливия ғана қолдады. Тағы төрт ел жауап бермей, қалған жеті мемлекет қарсы шықты.

Мәскеу “Азау теңізіндегі жағдайдың ушығып бара жатуына және соның артынша болып жатқан жағдайларға байланысты” шұғыл түрде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді сұрады. Отырыстың күн тәртібінде “Ресей Федерациясының шекарасын бұзу” болды. Ресейлік ұйымның тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянский жақында болған жанжалда Ресейдің өз шекарасын қорғағанын мәлімдеді. Өз кезегінде БҰҰ-ға қарасты АҚШ тұрақты өкілі Никки Хейли АҚШ пен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі еуропалық одақтастарының Керчь бұғазындағы оқиғаға алаңдаулы екенін және Украинаның егемендігін қолдайтындарын мәлімдеді.

“Біз бұл жағдайға аса алаңдаушылық танытып отырмыз, мұның ушығуы қауіпті және халықаралық құқықты бұзу. Біз Украинаның егемендігін және халықаралық қоғамдастық мойындаған шекараның, оның аумағындағы территориялық сулардың тұтастығын нық қолдаймыз”, – деп келтірді РИА Новости Хейлидің сөзін.

Ол Ресейдің әрекетін “арандату” деп атады. Ресейлік БҰҰ тұрақты өкілі Дмитрий Полянскийдің мәлімдеуінше, Ресей дауыс беру өткізілгені үшін өкінеді.

“Сондай-ақ, мынаны айта кетейін, Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде бұл жерде біз маңызды деп есептеп, оларға қатысты күн тәртіптері бойынша мәселе көтеруге Ресейге ешкім де кедергі бола алмайды. Тіпті, сыртқы саясатта тәуелсіздік пен дербестіктен үмітті мемлекеттер жануарлық түйсікке беріліп, вашингтондық ағаларынан қауіптеніп, жұмыс міндетіне, ережесі мен тәртібіне қайшы сценарийді қолдап, берген дауыстары да әсер етпейді”, – деді ол.

Сонымен қатар, Полянскийдің хабарлауынша, украиналық кемелердің бірінде “арнайы тапсырмалар” бойынша УҚҚ-ның екі қызметкері болған. Ол мән-жайды кейінірек мәлімдейтінін айтты.

Дегенмен, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Франция, Нидерланд, Польша, Швеция мен Ұлыбритания украиналық кемелерді босатып, Керчь бұғазы арқылы өтуге рұқсат беру туралы Мәскеуге үндеу жасады.

“Ресейді украиналық порттардың Азау теңізінде кедергісіз жүруіне мүмкіндік жасауға шақырамыз…, Керчь бұғазымен өткелді босатып, барлығының барынша ұстамды болып, бұл жағдайды бірден шешуге шақырдық”, – делінген елдердің біріккен мәлімдемесінде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз