Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Кентал Тәуекелді қызғанып жүр екен

Көктемнің алғашқы күнінде отандық фильмдердің қатары фантастикалық комедиямен толықты. «Все из-за мужиков» картинасын Қазақстандық көрерменге ұсынған «Интерны», «Универ» ситкомдарының режиссеры Виктор Бормотов.

«Жаздың жайма-шуақ күндеріне саяхат жасап, керемет күй кешесіз. Тұсаукесер 8 Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келгендіктен, нәзік жандылардың жүрегінен орын алар деген үміт басым», – дейді ресейлік режиссер Виктор Бормотов.
Режиссер актерлық құрамды отандық жұлдыздардан жасақтап, Әсел Акбарова, Жания Джуринская, Сая Оразғалиева, Данияр Алшынов, Темірхан Асылбек, Тәуекел Мүсілім сынды танымалдарды таңдаған. Соңғысы, комедияда Арман атты қызқұмарды сомдайды.

«Екі қызым болады. Бір қызымның ата-анасымен танысып үлегеремін. Ал, келесі күні басқа қызымды кездесуге шақырамын. Сол кездесуге шақырған кезде, кешегі қыздың папасы кездесіп қалады маған», – дейді Тәуекел.

Айнымас үш достың бастан кешкен қызықтары, әйелдер әлеміне тап болған сәттен басталды. Нәзік жандылар серілердің кез-келген еркелігін көтеріп, барлық тілектерін орындауға әзір тұрады. Тек, арулар әлемі, олар ойлағандай мінсіз болмай шықты. Ал комедия, тұсаукесерге келген көрерменді баурай алды ма?

Ал Кентал Тәуекелдің фильмдегі өмірін армандайтынын айтты.

«Сюжеттің фишкасы менің арманым. Менде өмір сүрсем ғой осындай әлемде. Кілең әйел адамдар, мен жалғыз еркек», – дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз