Құранға әр адамның баласы туылған кезіндегі ата-тегімен аталсын деген аят түскен.
„… Кеңес одағында біздің ділімізге көп нәрсе кіріп кетті. Соның бірі – неке жағдайында. АХАЖ-ға некесін тіркеттіруге келгенде қалыңдық көбіне ерінің аты-жөнін алып жатады. Бұл дұрыс емес. Олай істеуге болмайды. Соны қаракөз қарындастарымызға ескерте жүріңіздер!„ – дейді иман Қабылбек Әліпбайұлы Құрандағы аятты мысалға келтіре отырып.