Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Келіннің сәлем салуы – ширк”. Тазабековтің осылай дегені рас па?

388

«Оқуды бітіріп, бір үйдің балаларындай болған курстастар жан-жаққа бытырай бастаған кез болатын…

Бізді үнемі дінге тартып уағыз айтатын қайсыбір курстастарым бірде мені Мұхамеджан Тазабекпен кездесуге алып барды.

«Біздің сөзімізге нанбасаң, бізден де мықтылардың уағызын тыңдап көр» деді. Келістім. Алматыдағы «Байқоңыр» кинотеатрының қасындағы халал кафенің вип бөліміне бардық. Аста-төк дастархан жайылған. Ол кезде телевизияға бейім курстастарымның Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабек туралы ауыздарынан суы құрып, жер-көкке сыйғызбай мақтау-мадақтауын талай естіп жүрген кезіміз.

Өзіміз де әлгі «көсемдердің» дін туралы уағыздарын талай естіп, телефонға көшіріп алып қайта-қайта тыңдайтынбыз. Тіпті туған-туыс, көршілерге де қосып беріп, Мұхамеджан Тазабектің «Дін-діңгегімді» талай естіткенім есімде.

Әлгі курстастастарымызбен, бір нанды бөлісіп жеген достармен бара-бара қарым-қатынасымыз бұрынғыдай болмай бара жатты. Олардың уағыздары бір сарынды. Қуалап келгенде сол достарымыз салт-дәстүрді надандық деп танитындықтарын аңғартады. Содан қызылкеңірдек болып айтысып жатқанымыз…

Сонда атағынан ат үркетін, үнемі жастарды имандылыққа тартып жүретін Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабекті жамандыққа қимайтынмын. Шәкірттері олардың тағылымдарын дұрыс түсінбегендіктен қазақтың дәстүрін, төл мәдениетін жоққа шығаратын болар деп үнемі оларды ақтап алуға балаң көңіліміз дайын тұратын.

Әлгі кафенің вип залында бір топ жастар жиналдық. Бір кезде Мұхамеджан ағамыз кірді. Амандық-саулықтан кейін ол кісі уағыз айтуды бастамастан бұрын «Мұнда бәрі өзіміз бе?» деп сұрады. Бір-біріне қараған жастар «Өзіміз-өзіміз…» бас шұлғысты. Ешкім «мұнда артық адам бар еді» деп айтпасы түсінікті ғой. Әрмен қарай белгілі уағыз айту жұмысы басталып кетті. Ұзаққа созылған уағыздан жалғыз ұққаным «ақиданы оқуымыз керек» екен. Содан біз «адасып» жүр екенбіз.

Мен түк білмейтін кейіпте «Келіннің иіліп сәлем салуы дұрыс па?» деп сұрадым. Мұхамеджан ағамыз «Адам Құдайға ғана иілу керек, қалғанының бәрі ширк, серік қосу, ең үлкен күнәнің бірі — Құдайға серік қосу» деп төтесінен соқты.

Одан кейін қазақтың ұлттық аспаптары туралы сұрадым. Бір кезде бақсылардың құралы болған музыкалық аспаптарымыз да «надандықтың», «білімсіздіктің» белгісі екен. Баяғы ахиданы оқымағанның «салдары».

Қысқасы, сол кездесуде көзіміз ашылды. Уағызшыл курстастарыма «вирустың» қайдан келіп жатқанын сонда анық көз жеткізіп қайттым…» деп жазған екен Арман Әубәкіров.

Бұдан бұрын…

Айта кетсек, бұдан бұрын заңгер Айгүл Орынбек Тазабековтің ұстанымына қатысты пікір білдірген.

«Кеше ғана аты шулы террористтің постын бөлісіп отырған Мұхамеджан ағамды ұлттық арнада жаңа ашылып жатқан діни бағдарламаға жүргізуші қылмақшы екен…

Бұл рас ақпарат па? Ұлттық арна басшысы Ерлан Карин аға сізге сұрақ!

ҰҚК, дін министрлігі не қарап отырсыздар ? Əлде Тазабековтың кім екенін білмейсіздер ме? Ол қазір өзінің ханафит екенін айтып халықты алдап отыр. Асыл арнада салафи уағызшысы Дарын Мұбаровтың Мұхаммеджанмен бірге отырған видеосы ютубта тұр. Мұхаммеджанның қайнағасы Бекболаттың Дарынды ұстазым деп айтқаны, уахавизимді бізді құтқаратын дін деп айтқаны бөлек әңгіме. Ол да ютубта тұр. Имам Қанат Жұмағұловтың 2 жыл бұрын фейсбук парақшасында жариялаған мына сұрақтарына әлі күнге дейін ләм-мим деп жауап берген жоқ. Үнсіз құтылуға тырысты» – деп жазған Айгүл Орынбек.

Жазба автордың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз