Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
2
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

“Келинка Сабина” саясатқа бет бұрмақ

https://www.instagram.com/p/BJfAafFjEew/?taken-by=nurtasadambay

Видеодан ауыл адамдарының, әсіресе, жас бүлдіршіндердің қуанышты екенін байқауға болады.

Айтпақшы, Нұртас Адамбай бұған дейін де қоғам өміріне белсене араласып, өзіндік үнімен танылып жүрген азамат. Естеріңізде болса, Адамбай халықты үстіне зәр шашылып, 5 жылға сотталған полицейге көмектесуге шақырған еді. Жақында отандасымыз Василий Левиттің ресейлік Тищенкодан әділетсіз “жеңілгеніне” қапаланған азамат бұл кезде де үнсіз қалған жоқ. Спортшыларды қолдап, Қазақстан спорт федерациясына халықтың өкпесін жеткізді. Нұртас Адамбай азаматтық белсенділігін  көрсетіп Алматы хайуанаттар бағындағы жолбарыстың өліміне қатысты да бас көтерді. Тіпті зообақ директорының жұмыс бөлмесіне кіріп барып, жұрт көкейінде жүрген сұрақтарын жаудырып састырған еді.

Айта кетейік, күлкі күнінде Адамбай халықты алдап, Алматы қаласының әкімінің орынбасары болып тағайындалғанынжариялаған еді. Бәлкім саясатқа бет бұруды Адамбай сол кезде-ақ жоспарлаған шығар, кім білсін?!  Дегенмен Адамбайдың саясатқа бет бұру жайлы әзілдері соңғы кезде жиілеп кетті. Мүмкін осы кезден бастап адамдардың пікірін білу мақсатында жасап отырған әрекеті де шығар.

Ал, режиссердің астарлы сөзінің мағынасын білу мақсатында хабарласқанымызда кейінрек ашып айтатынын жеткізді.

17945-6-_na_ekranah_strany_sik_ru-770x439_c

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз