Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-6
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Келесі жылы орташа зейнетақы көлемі 71 мың теңге болады

Мұндай әдіс, 30-40 жыл еңбек өтілі болса да, төмен зейнетақы алып отырған адамдарға қатысты әділдік орнататыны күтілуде. 1998 жылға дейін және одан кейін де 33 жылдан асатын өтілі бар тұлғаларға, базалық зейнетақы ағымдағы көлемімен салыстырғанда екі есеге көбейеді. Егер бұл сома қазір 14 мың теңгені көрсетсе, 2018 жылдың 1-шілдесінен зейнеткерлердің аталған тобы ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыға қоса, 28 мың теңгені иемденетін болады. 10 жылдан асқан әр жыл сайын базалық зейнетақы 2 пайызға өспек.

Мәселен, 20 жылдық еңбек өтілінде базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74 пайызын құраса, 30 жылда 94 пайызды межелемек. Заңда айқындалғандай, 33 жылды еңсерген өтіл белесінде базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің толық 100 пайыз көлемін қамтымақ. Өзін жұмыспен қамтыған тұрғындар қызметін реттеуде 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасы жасалуда.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап, Елбасының “Ұлт жоспары – 100 нақты қадам” идеясы мен халыққа Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік-еңбек саласын жаңғыртуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз