Құзырлы министрлік хабарлағандай, 2018 жылдың 1 қаңтарынан ынтымақты зейнетақы 8 пайызға, ал базалық зейнетақы мен өзге де жәрдемақы түрлері 6 пайызға көтеріледі, деп хабарлайды КТК.
Осының нәтижесінде базалық зейнетақыны есепке алғанда зейнетақаның төменгі мөлшері 49 019 теңгеге жетсе, орташа көлем 71 333 теңгенің төңірегінде болмақ. Сондай-ақ, жаңа жылдан бастап базалық зейнетақы азаматтардың жинақтаушы қорға тіркелген күніне қарай белгіленеді. Яғни, 1998 жылдан кейінгі зейнетақы қорына жарналарының түсу жиілігі есепке алынумен қатар, аталмыш жылға дейінгі еңбек өтілі де назардан тыс қалмайды деп болжанып отыр. Осының арқасында 30-40 жыл еңбек өтілі болса да, төмен зейнетақымен күнелтіп келгендер әділетті көмекке ие болады дейді шенеуніктер.
Жағымды жаңалықтар да бар! Әсіресе, тіршілігі мен тұрмысы зейнетақымен тығыз байланысты әлеуметтік топ үшін!