Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Келе салшы енді…”. Ұлттық бюро Әбілязовті қайтадан шақыртты

ҚР Ұлттық бюро өкілдері Әблязовқа 2017 жылдың 15 ақпанына дейін ведомствоның әкімшілік ғимаратына келу қажеттігін айтып өтті.

“Қазіргі уақытта тергеудің аса ауыр қылмыс жасау дерегі бойынша жинаған дәлелдері арқылы күдікті Әбілязовтің әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 263-бабының 4-бөлігінен (“Қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу”) ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-бөлігінің “а”, “б” тармақтарына (“Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне беру”), ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігін ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-бөлігінің  “а”, “б” тармақтарына, ҚР Қылмыстық кодексінің 193-бабының 3-бөлігінің “б”, “в” тармақтарына (“Ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру” – алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;), ҚР Қылмыстық кодексінің 220-бабының 1-бөлігі (“Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны мақсатсыз пайдалану”) және ҚР Қылмыстық кодексінің 228-бабына (“Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу”) баптарына ауыстыру мүмкін болды. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 206-бабының 1-бөлігіне сәйкес, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы, егер қорғаушының қатысуы заң бойынша міндетті болса немесе бұл туралы күдікті өтінішхат берсе, қорғаушының қатысуымен және қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей жария етіледі. Күдікті немесе оның қорғаушысы келмей қалған жағдайда, қаулы жиырма төрт сағат өткеннен кейін де жариялануы мүмкін. Мұхтар Әблязовтің Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және Ұлттық бюроға келуден бас тартуына байланысты ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 206-бабының 8-бөлігіне сәйкес, күдікті Қазақстан Республикасынан тыс жерде болған және қылмыстық қудалау органдарына келуден жалтарған жағдайда – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, ал қорғаушы келген жағдайда – қорғаушы да, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыда оның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болуына және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына келуден жалтаруына байланысты күдікті деп жариялау мүмкін еместігін куәландырады. Осыған байланысты Әблязов 2017 жылдың 15 ақпанынан дейін мына мекенжай бойынша орналасқан Ұлттық бюроның әкімшілік ғимаратына келуі тиіс: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 37″, – делінген Ұлттық бюроның хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 2 ақпанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жауап алу үшін Мұхтар Әбілязовті Астанаға шақырған болатын. “ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы “БТА Банк” АҚ бұрынғы топ-менеджменті М.Қ.Әбілязовқа, Ж.Д.Жарымбетовке және өзгелерге қатысты қылмыстық істің соталды тергеуін жалғастырып жатыр. Тергеу барысында Антикоррупция қызметі Әбілязов пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің қосымша дәлелдерін тапты. Банктен қаражатты жымқырудың жаңа нұсқалары ашылды. Анықталған деректер Әбілязовтің қылмыстық ұйым құрып, оған басшылық еткен деген қосымша күдік келіп отыр. Оның ішінде бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топ кіреді, топ Қазақстан территориясында да, шетелде де әрекет еткен”, – делінген еді ведомство хабарламасында.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз