Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Кейкі батырдың бас сүйегін кімдер, қалай, қай жерге жеткізгендігі туралы толық ақпарат

188

Ол бас сүйектің жер қойнына тапсырылатынын айтты.

Батырдың бас сүйегін елге қайтару жұмыстарымен бір топ адам айналысты. Оның құрамында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Орталық мемлекеттік мұражайының өкілдері де бар. Олар атақты Кунсткамераға кірген.

„Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығы Үкіметтің бастамасымен өнімді еңбек етті. Мен осы мәселені шешумен 8 жыл бойы айналыстым. Саяси мәселелері жоғары деңгейде өтті. Ресейліктер біздің өтінішімізге түсіністікпен қарады. Баба көзі Ұлы Петр атындағы антропология және этнография музейінің антропология қорында болды. Шамамен 100 жылдай сақталған. “Кунсткамераға” кіруге мүмкіндік болды”, – деді ол.

Батырдың бас сүйегі Мәскеуден Астанаға бүгін, 6 қазанда таңғы сағат 5.00-де жеткізілді.

Еске салайық, биыл 12-тамызда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімов РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында өткен жүз жылдықтағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы Кейкі батырдың мүрдесін елге қайтару туралы мәселені көтерген еді. Дмитрий Медведев бұл мәселені анықтап, шешу үшін қажетті тапсырмалар беретінін айтты. “Мен ауызша және егер қажет болса, жазбаша тапсырма беріп, бұл мәселенің анық-қанығын анықтайтын боламын”, – деп жауап берді Медведев.

Кейкі (Нұрмағанбет) Көкембайұлы – 1916 жылғы Торғайда болған ұлт-азаттық көтерілісінің батыры, атақты мерген. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Байтума қопасында дүниеге келген.

Ол Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашқы күндерінен белсене араласып, сол көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі болды. Қазақстан ұлттық энциклопедиясындағы мәлімет бойынша, ол Торғайда қызыл әскер қолынан айуандықпен өлтірілген. Оның басы қазір Санкт-Петербургтегі антропологиялық қордың кунсткамерасында сақтаулы болды.

Кейкі батыр Көкембайұлының ұрпақтары Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Ақтас, Тасты елді мекендерінде тұрады. 1996 жылы Кейкі батырдың 125 жыл толуына байланысты ас беріліп, ескерткіш орнатылды. Кейкі батыр жайлы мақаланы мына сілтемеден оқи аласыздар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз