Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Кейкі батырдың бас сүйегі көпке көрсетілді. Ол Астанадан Алматыға жеткізілді

ҚР Мемлекеттік орталық мұражайының директоры Нұрсан Әлімбай 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісінің ұйымдастырушыларының бірі Кейкі батырдың бас сүйегін зертханалық зерттеулер жүргізу үшін Астанадан Алматыға алып ұшты.

Бұл туралы қоғам қайраткері, саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.

«Нұрсан (Әлімбай) ағамыз Кейкі батырдың бас сүйегін Алматыға алып кетіп барады. Аэропорттың тексеруінен өтті. Отбасымызбен Батыр мен ағамызды шығарып салдық. Астанадан (сағат) 22.30-да ұшады. Алматы қарсы ал!», деп жазды саясаттанушы өткен түнде. Осылай деген зерттеуші бабамыздың бас сүйегі салынған қорпатың әуе-жайдың тексеруінен өту процесін де видоға түсіріп, оны желіге орнатып қойыпты.

Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, антропологтар батырдың бет келбетін жасап болғасын, шамамен 1-2 ай көлемінде бас сүйек Қостанай облысының Амангелді ауданындағы арнайы салынған мазарға жерленеді.

Бұл жолғы зерттеумен антрополгтар айналысатынын бас айта кетелік. Ал оған дейін Астанада Кейкі батырдың бас сүйегіне ДНҚ сараптамасы жасалған болатын.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз