Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Кейбір қыздар жатса да, тұрса да Құдайдан бай сұрап əлек

122

– Ағай тұтқа бар ма, – десем. -Ол не деп бажыраяды. Анау ше есіктің ұстайтын жері.

Түсінбеді. Бір кезде есіктің құлыптайтыны бар ма, глазогы бар ма бəрін алдыма жайып тастады.

– Сұрап тұрғаныңыз мыналардың қайсысы?

Оның ішінен тұтқа түгіл тасты да таба алмаған соң, бұл жерде жоқ қой дедім. Жаныма қарап қалсам, бір есікті сатылымға шығарып қойған екен. Қуанып кетіп, əлгінің тұтқасын ұстап, – міне ғой міне. Тұтқа деген осы. Бар ма сізде?

Əлгі мырс етіп күліп жіберді. – Қарындас-ау ол ручка ғой. Сіз қай тілде сөйлеп кеттіңіз. Тіліңіз қызық екен. Қазақтан “тұтқа” деген сөз естісем өліп кетейін. Ручка дейді мұны.

Мен де тілі ұзын бəлемін.

– Қай атаңнан ручка деген қазақтың сөзін жазып алып едің ?

Кəдімгідей пікірталас басталып кетті. Пікірталасты тек фыбыда ғана бар ма десем, өмірде де болады екен. Қысқасы бір мəмілеге келе алмай даурығып кеттік. Көнбеске амал жоқ. Бұл ручканның яғни руссканың тілі бəрібір көндіреді екен. Сол ручкаңнан бере ғой десем, 1000теңге деп қарап тұр. Алтын жалатылғанба еді деп мен аң-таңмын. Россиянікі дей ме əйтеуір əлгі қытайдың бəлесін мақтап тастады. Көршінің берген ақшасы оған жетпейді. -Анауың қымбат екен, қазақысы бар ма? Қайырылып қалған “С” сияқты бір темірді қолыма ұстата салды. Сол тұтқаны көршінің есігіне өзім салып беріп едім, енді міне жолдан адасқан байчиктері еңбегіңді еш етіп тағы да жұлып алғалы тұр. Ертең көршіме: – Есігіңді «проходной дверь» қыл немесе байларыңды байы жоқ құрбыларыңа таратып бер деп айтамын-ау. Шаршатып жіберді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз