Алайда, халықаралық қаржы институттары жалпы әлемдік экономиканың болашағы туралы оң пікірде.
Осыған қарамастан, мұнай бағасы және бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан жаппай вакцина салу науқаны көңілге қуаныш ұялатады.
Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы (AERC) Қазақстанның 2021 жылғы шілдедегі макроэкономикалық шолуын жариялады.
AERC жасаған шолу мен болжамдар келесі алғышарттарға сүйенеді:
Бұл жағдайда Қазақстанның нақты ЖІӨ 2021 жылы 3,9%-ға өседі. Сәуір айында болжам осы деңгейде болды. Бірақ 2021 жылға арналған тұтыну инфляциясының болжамы сәуір айымен салыстырғанда 7,4%-дан 7%-ға дейін төмендеді. Бұған Ұлттық Банктің монетарлық саясатты қатаңдатуы және үкіметтің бағаны ұстап тұру жөніндегі шаралары әсер етті.
Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шоты, AERC болжамына сәйкес, -6,4 млрд АҚШ доллары тапшылығын көрсетіп, ЖІӨ -3,3%-ды құрайды.
Болжамда сыртқы және ішкі алғышарттар ескерілді. Негізгі сыртқы факторлардың бірі – әлемде COVID-19-қа қарсы жаппай вакцина салу жалғасуда. Көбісі бұл вирусты азайтуға және дағдарыстан шығуға көмектеседі деп күтеді.
– Дегенмен, вакцина салу сәйкесінше жүргізіліп жатқан жоқ,
табысы төмен елдерді COVID19-дан қорғаусыз қалдырып жатыр,
ал COVID-19-дың қауіпті дельта штаммы вакциналардың тиімділігіне күмән келтіруде,– деп жазады сарапшылар.
Соған қарамастан, қаржы ұйымдары жаһандық экономиканың халықаралық перспективаларын оң бағалайды. Вакцина салу қарқыны күткеннен асып түскендіктен, Дүниежүзілік банк 2021 жылы әлемдік экономиканың өсу болжамын 4%-дан 5,6%-ға дейін өзгертті. ХВҚ оптимистік өсуді 6%-ға дейін көтеріледі деп күтуде.
Сарапшылар сонымен бірге Қазақстанның сауда серіктестері елдерінің экономикалары туралы қысқаша айтып өтті.
ХВҚ 2021 жылы Қытай, Еуропалық Одақ және Ресей экономикалары 8,4%, 4,4% және 3,8%-ға өседі деп болжайды. Ал Дүниежүзілік банк –тиісінше 8,5%, 4,5% және 3,2% деп болжайды. Орташа болжам (портал талдаушылары пайдаланған) – 4,9%.
2021 жылдың сәуір-маусымында мұнай бағасы үнемі өсіп отырды. Сәуірде Brent-тің орташа бағасы 64,8 $/барр., мамырда – 68,5, маусымда-73,2 болды.
– Сәуір айында мұнай бағасының оң тенденциясының басталуы ОПЕК+ елдерінің шешіміне байланысты болды. Сәуір айындағы ОПЕК+ елдерінің кездесуінде
мамыр-шілде айларында мұнай өндіруді тәулігіне 1,15 млн баррелге біртіндеп арттыруға уағдаласты
Нәтижесінде, келісімге сәйкес, мамыр-маусым айларында мұнай өндіру 350 мың баррельге, ал шілде айында 450 мыңға артуы тиіс еді. Өндірістің бұл өсуі бұрын ойлағаннан гөрі баяу орын алды. Қатаң шектеулердің жойылуына, қозғалыстың қалпына келуіне, доллардың әлсіреуіне және АҚШ мұнай қорының төмендеуімен қатар әлемдік экономиканың қалпына келуі, бұл мұнай бағасының тұрақты өсуіне негіз болды, – деп жазады авторлар.
Шындығында, картель елдері арасында келіспеушіліктер туындады. Нәтижесінде, шілдедегі ОПЕК+ шешімі белгісіз мерзімге ауыстырылды.
– Тек 18 шілдеде ОПЕК+ елдері 2021 жылдың тамызынан бастап мұнай өндіруді ай сайын 400 мың б/т-ке ұлғайту туралы келісімге келе алды, нәтижесінде 2021 жылдың тамыз – желтоқсан айларында өндіріс бастапқыда жоспарланғандай 2 миллион баррельге артады, – делінген шолуда.
2022 жылдың қыркүйегіне қарай олар қазіргі 5,8 миллион баррель өндіру шектеуін толығымен алып тастайды. Келісімнің қолданылуын 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін (бұрын – 2022 жылғы 1 мамырға дейін) ұзарту туралы шешім қабылданды.
– Мұнай өндіруді одан әрі жеделдету мен Иранның ядролық бағдарламасы бойынша белгісіздікті ескере отырып, AERC Brent маркалы мұнай бағасына 65 $/барр деңгейінде тұрақты баға белгіледі. МЭА-ның болжамымен 2021 жылғы мұнай бағасын 67,78 $/барр деңгейінде болады делінген – дейді сарапшылар.
Соңғы үш ай ішінде рубльдің долларға қатысты бағамы нығайды. Авторлар мұны мұнай бағасының өсуімен және АҚШ долларының әлсіреуімен түсіндірді.
РФ ОБ доллардың рубльге шаққандағы бағамы 72,8 бірлікті құрайды деп болжайды.
– Дегенмен, коронавирустың өсуі, елде вакцинацияның төмен қарқыны және АҚШ пен Еуропалық Одақтың санкциялары рубльге теріс әсер ету қаупі бар. Сондықтан, AERC Ресей Федерациясының Орталық банкіне қарағанда рубльдің орташа бағамы 2021 жылы – бір доллар үшін 74 рубль деңгейінде болады деп болжайды, – деп атап өтті авторлар.
Маусым айында Ресейде инфляция күрт өсіп, 2016 жылдың тамызынан бастап шарықтау шегіне – 6,5%-ға жетті. РФ ОБ монетарлық саясатты наурыз айында қатаңдата бастады. 23 шілдеде негізгі мөлшерлеме 6,5% – ға дейін көтерілді. Енді Ресей Федерациясының Орталық банкі 2021 жылдың күзінде инфляция баяулай бастайды деп күтеді. Орташа алғанда, бір жыл ішінде ол алдыңғы жылға қарағанда 5,4-5,8% аралығында болады.
РФ ОБ бағалауына сәйкес Ресейде инфляция 4% нысаналы көрсеткішке 2022 жылдың екінші жартыжылдығында ғана жетеді. AERC өз болжамында 2021 жылы РФ ОБ инфляция болжамының орташа мәнін– 5,6%-ды пайдаланған.
Жалғасы бар