Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-8
USD
527
+2.06
EUR
543
+2.12
RUB
5.16
+0.04

«Казакша уйренем». Бишімбаевтың орнына келген министр мемлекеттік тілден мақұрым екен

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы кезінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында депутаттардың қазақ тілінде қойған сұрақтарына министр тек орысша жауап беріп отырды.

Жаңадан тағайындалған министр журналистерге сұхбаты барысында Мәскеуде жұмыс істеген жылдар ішінде қазақ тілін ұмытыңқырап қалғанын жеткізді.

«Мәскеуде 5 жыл жұмыс істеп, өз ана тілімді ұмыта бастаппын. Бірақ та, 6 айдың ішінде қайта меңгеріп шығамын», – деді Сүлейменов.

Сонымен қатар ол қызметінде жақсы әрі жауапкершілікпен жұмыс істейтінін, осы орайда басшылықтың берген тапсырмаларын орындап, қызметкерлерге, қоғамға, азаматтарға қатысты адал болатынын атап өтті.

«Бұл ұстанымдарды орындаған жағдайда мақсаттар жүзеге асады деген ойдамын»,-деп жауап қайырды министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз