Шахтинскіде “Казахстанская” шахтасында аяқ астынан метан тарап кетіп, салдарынан кем дегенде үш адам қаза тапты.
Қарағанды облысындағы шахталардың бірінде оқыс оқиға болды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.
«Бүгін 31 тамызда таңғы сағат 4-тер шамасында Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі «Қазақстан» шахтасында кенеттен метан газы тараған. Шахтада бастапқы мәлімет бойынша 136 адам болған. Ал апатты учаскеде алдын ала дерекке сәйкес 4 адам қалған. Қазіргі уақыттағы қолда бар дерек бойынша шахта қызметкерлері тіршілік белгісі жоқ 3 адамды тапқан», – делінген хабарламада.
Дереккөз: Stan.kz