Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Кәріпбек Күйіков «Ядросыз болашақ» сыйлығын алды

244

Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Қайрат Сарыбай «Ядросыз болашақ» сыйлығының иегерлерін антиядролық қызметтерінің жоғары баға алуымен құттықтап, Кәріпбек Күйіковтың марапатталуы ядролық қарусыздандыру мен таратпау жаһандық үдерістерінде Қазақстан рөлі және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларының мойындалуын білдіреді деп атап өтті.

КӘРІПБЕК КҮЙІКОВ – 2012 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВ БАСТАМАШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН «АТОМ ЖОБАСЫНЫҢ» ҚҰРМЕТТІ ЕЛШІСІ

Елші барлық қатысушыларды әлемнің ядролық жарылыстардан құтылу үшін күш салуға бағытталған «АТОМ Жобасы» онлайн-петициясына өздерінің қолын қоюға шақырды. Қазақстандық өкілмен қатар, Аустралия, Ұлыбритания, Франция және Аустрияның өкілдері де сыйлықтын иегерлері атанды.

Жобаның миссиясы – ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу және барлық елдердің ядролық қаруды толық жоюға жаһандық қоғамдық қолдауды біріктіру. «Ядросыз болашақ» сыйлығы 1998 жылы Франц Молл қорымен құрылды және антиядролық белсенділердің, ұйымдардың және қауымдастықтардың қызметін ынталандыруға бағытталған. Биылғы жылы сыйлықтың 20 жылдығы атап өтілуде.


Бұған дейін әлемнің 80-нен астам өкілдері мен ұйымдары аталған сыйлыққа ие болған, соның ішінде Қазақстаннан Юрий Куйдин де бар. Өзі фотожурналист, «Невада-Семей» ядролыққа қарсы қозғалысының серіктесі, Дүниежүзілік атом фотографтары гильдиясының мүшесі, ядролық тақырып бойынша көптеген фотоальбомдардың авторы болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз