Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Кәрім Мәсімов спорт ұйымының президенті болды

250

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

26 қарашада Астанада Rixos қонақүйінде өткен отырыс барысында Олимпиада ойындарына кірмейтін спорт түрлері бойынша аккредитациядан өткен спорттық Федерациялар жаңадан құрылған жауынгерлік өнер ассоциациясының қарамағында болатыны шешілді. Шараға аккредитациядан өткен спорт түрінің 20 өкілі қатысты. Оған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы төрағалық етті.

Отырыс барысында президент сайлаудан бөлек, спорттық ұйымның басқарушы мүшелері тағайындалды. Бірінші вице-президент болып Садықұлов Әнуар Төлеуханұлы тағайындалы, ал бас хатшы – Аманқұлов Фархат Әменұлы. Жауынгерлік өнер ассоциациясының вице-президенттері қатарында Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы, Жошыбаев Рапиль Сейітқанұлы, Найзабеков Тәжімұрат Толыбайұлы және Жарасбаев Серік Маратұлы бар.

Айта кетелік, ассоциация төрт бағыт бойынша жұмыс істейді: каратэ, күрес, барлық дене мүшелерімен айқасуға рұқсат етілген спорт түрлері, ММА аралас жекпе-жектері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз