Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Карантинді сақтамайтын болса, бір жылдың ішінде коронавирустан 50 миллион адам көз жұмуы мүмкін — сарапшы

456

Нұр-Сұлтандық жас ғалым  Юрий Ким бүгінде пандемияның эпидошағы — АҚШ-та. Ол George Mason University-дің докторанты, молекулярлық вирусология бойынша білім алуда.

— Егер сіз коронавирус жұқтырсаңыз, көп жағдайда иммундық жүйе оны оңай жеңеді. Бұл КВМ жұқтырғандардың 85%-ына қатысты, — дейді ол.

Не себептен әлемнің стационарларында  ӨЖЖ орындары тапшы

Ғалым өте ауыр жағдайларда (ауру санының 5-10%) вирус ағзаның көптеген жасушаларын өлтіреді деп түсіндірді. Нәтижесінде қабынудың цитокиндері — жасушааралық байланысқа қатысатын кішкентай ақуыз молекулалары шығарылады.

— Өз кезегінде, қабыну цитокиндері ақ қан жасушаларының белсенді етіп, олар өкпеге әсер етеді, ал бұл жасушалар одан да көп цитокин шығарады және ары қарай шырғалаң шеңбер түзеді. Осындай тізбекті реакцияның нәтижесінде цитокинді дауыл болуы мүмкін.

Ол өкпедегі капиллярлық тамырларды зақымдап, сұйықтық альвеолдарды (тыныс алуға жауапты өкпедегі көпіршікті құрылымдарды) толтыра бастайды, газ алмасу айтарлықтай қиындап,  өткір респираторлық дистресс синдромы туындайды.

Бұл өмірге қауіпті асқыну, көптеген пациент осы себептен көз жұмады. Оларға өкпені жасанды желдету қажет. Осы сәтте үлкен мәселе пайда болады –

әлемнің кез келген елінде ҚЖЖ төсек-орындарының саны жеткіліксіз

Бұл ЖРВИ емес!

Вирусолог КВИ деген тұмау да, ЖРВИ емес деп нақтылады.

— Тұмаумен салыстырғанда COVID-19-дан болатын өлім-жітім көрсеткіші 10 есе, ал жұқпалылығы екі есе (жаңа деректер бойынша, тіпті төртеуі) жоғары.

Басқаша айтқанда, егер бұл инфекцияны жұқтырғандар саны тұмаумен ауырағандармен тең болса да, қайтыс болғандар 10 есе көп болады.

Егер адамдар инфекцияға мән бермей,  карантинсіз және әлеуметтік қашықтықты сақтамай өмір сүруді жалғастырса,

бір жыл ішінде ғаламшар халқының 50-ден 70%-ына дейін вирус жұқтырып, 50 млн-ға жуық адам қаза болуы мүмкін

Оның ешқандай да ақырзаман емес екенін есте сақтау керек, себебі

көптеген жағдайда, жастарда  ауру ЖРВИ немесе ауыр тұмау сияқты өтеді

Юрий Ким карантин және әлеуметтік қашықтық ең алдымен денсаулық сақтау жүйесіне түсетін ауырпалықты азайтып, ӨЖЖ-мен ауруханаға жатқызуды қажет ететін науқастардың көбеюінің алдын алу үшін  қажет екенін айтады.

Коронавирус инфекциясы кезінде 60-тан асқан мен созылмалы аурулары бар адамдарға үлкен қауіп-қатер  төніп тұр

Біз үйде қалып, инфекцияның тасымалдаушы болмай, оларды құтқарып қала аламыз.

Жиі қойылатын сұрақтардың жауабы. Адыраспан көмектеспейді!

Бірінші. Иә, вирус бар және пандемия — бүгінгі күннің шындығы. Бұл Екінші Дүниежүзілік Соғыстан бастап әлемдік қоғамдастыққа түскен ең үлкен сынақ. Ал карантин — індетпен күресудің ең тиімді құралдардың бірі.

— Екінші. Вакцина кем дегенде бір-екі жылдан кейін дайын болады. Бірақ оның нәтижелі болатынына және қажетті қорғау деңгейін қамтамасыз ететініне кепілдік жоқ.

— Үшінші. Вирусты ешкім жасаған жоқ, ол табиғи эволюция арқылы пайда болды.

— Төртінші. Лимон, зімбір, қара зире, бал, сарымсақ, пияз, адыраспан, «нанобальзамдар» және түрлі ББҚ-лар көмектеспейді және иммунитетті де «көтермейді». Оларға ақша жұмсаудың қажеті жоқ!

Жаңа әдеттер қалыптастырыңыз:

  • тәттілерді және әсіресе тәтті сусындарды
  • спиртті сусындар және темекіні тұтынудан бас тартыңыз.
  • спортпен айналысыңыздар,
  • дұрыс тамақтаныңызлар,
  • күніне кем дегенде 7-8 сағат ұйықтаңыздар.

— Бесінші. Бұл тұмау емес, тұмау Orthomyxoviridae тұқымдас вирустардың мүлдем басқа тобымен туындайды және олардың  биологиясы басқа.

— Алтыншы. Иә,

Қазақстанда карантин инфекцияның таралуын баяулату және ауқымды жұқтыруды болдырмау үшін қажет

Ол үшін бәрі үйде отыруға мәжбүр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз