Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-12
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Карантин режимі балалар үшін қауіпті болуы мүмкін

322
Сурет: gettyimages.com

Бүгінде бетперде күнделікті өміріміздің ажырамас бір атрибутына айналды. Адардамдың көбі бетперде тағып, бетін жауып жүргендіктен бет әлпетінен оның эмоциясын көре алмаймыз. Адам күліп тұр ма, әлде наразылығын білдіріп тұр ма түсініксіз.

brookings.edu порталы бұл адамдарға ешқандай кедергі келтірмейді. Алайда кішкентай балалардың қоршаған ортадан эмоциональдық белгі іздейтіндіктен, олардың дамуына кедергі келтіруі мүмкін дейді.

Яғни олар адамдар мен жаңа  жағдайларға жауап қату үшін, ата-аналарының бет әлпетіндегі эмоция мен олардың дауыс ырғағына сүйенеді. Бұндай эмоциональдық қарым-қатынас  әлеуметтік байланыс деп аталады, ол сәбилер мен мектепке дейінгі жастағы балаларда болады.

Психологтар әлеуметтік байланысты қалай зерттейді?

Мәселен, жаңаны тануға құмар сәби духовкаға қарай жүріп, оған жақындауға тырысады, бірақ анасының жүзіндегі үрейді көріп тоқтайды. Ол бұл қауіпті деген белгі алғандықтан тоқтайды.

Зерттеушілер «көзбен бағалау» қағидасы бойынша жаңадан еңбектей бастаған балалардың әлеуметтік байланысын зерттеді.

Ашық түсті суреттері бар органикалық әйнектен жасалған үстелдің ортасында үлкен ойық секілді көрінетін қара дақ бар. Баланы үстелдің бір жағына қойып, анасы оның екінші жағында қолына қызықты ойыншық алып тұрады. Бала «ойыққа» жақындағанда анасы күлімсіреу керек немесе керісінше үрейленгенін көрсету керек. Балалар анасының күлімсіреп тұрғанын көріп, даққа назар аудармастан, еңбектеп өтіп кетеді. Алайда

анасының жүзінен үрейді көргенде, тоқтап «қауіпті» аймақты көзбен шолып, зерттей бастайды

Балаларға бетперденің астындағы эмоцияны оқуды қалай үйретуге болады?

Қазіргідей пандемия кезінде кішкентай балалардың әлемді дұрыс қабылдап, дамуына көмектесу керек. Олардың ата-анасының ең бейнелі дене мүшесі бетпердемен жабылып тұр. Бұл проблеманы шешуге көмектесетін жаттығулар бар.  Балалардвы жанындағы адамдардың бетпердесінің арғы жағындағы эмоциясын түсінуге үйрету керек. Себебі бетперденің ұзақ уақыт бойы қоғамдық орындарда тағып жүретін атрибутқа айналмайтынына ешкім кепілдік бере алмайды.

Баланы бетперде киген адамдар әлеміне шығармас бұрын, оны үй жағдайында бетпердемен таныстырыңыз.

  • Балаға бетпердені көрсетіңіз, содан кейін киіңіз. Басқа адамдар сияқты көшеде оны киетініңізді түсіндіріңіз. Балаға алда болатын жағдайды таныстыру арқылы, оның қауіпсіз екенін сезіндіріп, алаңдамауына жағдай жасайсыз.
  • Тығылмаш ойыны: күлімсіреп, бетпердені киіңіз, содан кейін күлімсіреп, оны алып тастаңыз. Мұны бірнеше рет жасаңыз. Бетперденің астынан сіздің бетіңізді көре алмаса да, сіздің күлімсіреп тұраныңызды түсіндіріңіз.
  • Балаңыздың сіздің көзіңіз бен қасыңызды бақылауын сұраңыз. Оларды мәнерлі етуге тырысыңыз («көзіңізбен күлімсіреңіз»). Көзіңіз бен қасыңызға қарап, сіздің эмоцияңызды тануға үйретіңіз.
  • Бетперде киіп тұрып, баламен сөйлесіңіз. Даусыңыз ақырын естілетіндіктен,  қаттырақ сөйлеуге тырысыңыз.

Вирустың таралуын тоқтату үшін, бетперде кию күнделікті өмірдегі гардеробтың ажырмас бөлігіне айналып, жаңа тәртіп ретінде қабылдануда. Бұндай жағдайда балалардың әлеуметтік-эмоциональдық дамуына қолдау білдіріп, олардың бетперденің арғы шетіндегі сезімдерді түсінуіне көмектесудің маңызы зор.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз