Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова 17 тамыздан кейін де бірқатар маңызды талаптардың сақталатынын еске салды.
— Қоғамдық көлікке қойылатын талаптар күшейтілді. Себебі бүгінде бұл инфекцияның таралуы тұрғысынан ең қауіпті жабық кеңістік екенін түсінеміз. Сондықтан қоғамдық көлік отыратын орындар саны бойынша толтырылатын болады. Маска режимі мен соңғы аялдамаларда дезинфекция жүргізу міндеттеледі, — деп түсіндірді Есмағамбетова.
Ол сонымен қатар,
қазақстандықтар қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда және қоғамдық орындарда, ашық ауада медициналық маскаларды киюді жалғастыруы тиіс
екенін атап өтті.
Сондай-ақ кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау туралы талап та сақталады.